spot_img
Бейсенбі, Наурыз 28, 2024
6.2 C
Kokshetau

Облыс әкімі 8-наурыз мерекесімен көпбалалы аналарды құттықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Көкшетау қаласы «Болашақ сарайында» халықаралық әйелдер күні қарсаңында мерекелік концерт пен әйелдерді марапаттау шарасы өткізілді. Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев нәзік жандыларды құттықтап, жүрек жарды тілегін жеткізді,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Қымбатты да ардақты қыз-келіншектер, барлықтарыңызды 8-наурыз халықаралық әйелдер меркесімен құттықтаймын! Бүгінгі «Болашақ сарайы» сіздердің құрметтеріңізге әсемделді. Пандемия өткен соң, осы жерде өздеріңізбен әлі талай кездесеміз деп ойлаймын. Бұл жерде сіздермен би билеп, ән айтамыз, ал осы жердегі шығармашылық ұжымы бізге қолдау көрсетеді. Барлықтарыңызды жарқын мерекемен құттықтап, бар жақсылықты тілеймін!-деді Ермек Маржықпаев.

Өңір басшысы әйелдер облыс өмірінің барлық салаларында жұмыс істейтінін атап өтті. Жыл сайын  кәсіпорындарда да нәзік жандылар қатары көбейіп келеді.

«Өңірде кәсіпкер әйелдер де жоқ емес.  Білім, ғылым және денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалпы құрамының 28 мыңын әйелдер құрайды. Аймақта 1 облыс әкімінің орынбасары, 4 басқарма басшысы, 11 аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, 44 ауылдық округ әкімдері – әйелдер қауымы еңбек етіп келеді», – деді Маржықпаев.

Құттықтау сөзінен кейін облыс әкімі «Нұрай» балабақшасының тәрбиешісі Тәттігүл Әукеноваға «Алтын алқа» төс белгісін, ал, көпбалалы аналар Диана Райымбекова мен Юлия Редченкоға «Күміс алқа» марапатын табыстады.

Бүгінгі көңіл күйім өте тамаша! 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен барша қазақстандық әйелдерді, көкшетаулық аналарды, нәзік жандыларды, өз туыстарымды құттықтаймын! Мен барша әйел затына бақыт тілеймін, жұмыстарына жеміс , отбасына бақыт, береке тілеймін! Әр әйел бақытты болуға лайықты. Әйел үшін бақыт дегеніміз – өз отбасының, балаларының болуы, сондықтан мен барша әйелде осы бақыттың болғанын қалаймын!-деді Тәттігүл Аукенова.

Сонымен қатар «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен Атбасар қаласының тарихи-өлкетану мұражайының меңгерушісі Анар Ілиясова, Степногор тарихи-өлкетану мұражайының меңгерушісі Майра Нұржанова және облыстық филармония қазақ оркестрінің концертмейстері Жұлдыз Жүзбаева марапатталды.

Бұдан бөлек әр түрлі салада еңбек етіп жүрген 15 ақмолалық әйелдерге облыс әкімінің алғыс хаты табысталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қылшақты өзені арнасынан асып, маңайындағы үйлер суда қалды

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Көкшетау қаласының Қылшақты өзені дала суларының жиналуына байланысты арнасынан  асып, қызыл су маңайындағы жеке үйлерге...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img