spot_img
Бейсенбі, Мамыр 16, 2024
15.2 C
Kokshetau

«Birgemiz» қоры өрттің салдарынан 5 баласынан айырылған отбасыға көмек көрсетті

Сондай-ақ...оқыңыз

«Birgemiz» қорының қамқоршылық кеңесі Жамбыл облысының Сарысу ауданы Жаңатас қаласында өрттен зардап шеккен Әбдімәліковтер отбасына 2 млн. теңге бөлу туралы шешім қабылдады.

«Қор атынан қаза тапқан балалардың ата-анасы мен жақындарына көңіл айтамыз. Бұл балалардың ата-анасы мен бәріміз үшін орны толмас қайғы. Әбдімәліковтер отбасының қайғысына ортақтаса отырып, біз материалдық көмек көрсетуге шешім қабылдадық», – деп атап өтті Қор төрағасы Руслан Сакеев.

Естеріңізге сала кетейік, «Birgemiz» қоры өткен жылдың наурыз айында Елбасы, «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күрес кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін құрылған болатын. Қор жұмысы барысында 655 мыңнан астам мұқтаж отбасыға (2,2 млн. адам), 2 мыңнан астам медицина қызметкеріне біржолғы төлем түрінде көмек көрсетілді. 100 мың отбасыға 5 млн. медициналық маска тегін таратылды.

Сондай-ақ Қор қаражатынан Түркістан облысының Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге арнап 32 үй салынды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Сақ стилі» жаңа сериясына жататын номиналы 5000 теңгелік банкнота туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылы 25 желтоқсанда жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img