spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
7.2 C
Kokshetau

Айдаболда ғасырдан астам тарихы бар спирт зауыты жұмысын тоқтатты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы Зеренді ауданы Айдабол ауылындығы 200-ге жуық жұмысшысы бар «Айдабол» спирт зауыты алдағы аптадан бастап жұмысын тоқтатпақ. Бұған зауыт басшылығы ең басты үш себепті атап отыр. Оның бірі шығарған өнімнің сатылмауы, бәсекелес компаниялардың нарықты жаулап алуы, және жағатын мазут отынының қымбаттығына байланысты шыққан өнімнің де бағасының қымбаттауы болып отыр. Осыған байланысты ауыл тұрғындары БАҚ өкілдері арқылы жоғарғы атқару органдарынан көмек сұрады,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Аталмыш зауыт 1906 жылы құрылып, өз жұмысын бастаған. Бір ғасырдан астам тарихы бар өндіріс орнында экологиялық таза өнім шығарылады. Тұтынушылар мұндай өнімнің сапасымен ешқандай өнім теңесе алмайтындығын айтады.
Жергілікті халықтың айтуынша, ауылдағы әлеуметтік нысандардың жылытылуы, мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарына берілетін қалдықтардан жасалатын мал азығы және қысқы уақыттардағы жолдардың аршылуы сияқты жұмыстардың барлығына зауыт басшылығы атсалысады.

«Егер зауыт тоқтаса біз жұмысты қайдан табамыз?. Ауылдың тұрғындарының басым бөлігі осы жерде жұмыс істейді ғой. Олардың әрқайсысының өз мәселелері бар, алған несиелері бар, коммуналдық шығындары бар. Бала-шағамызды қалай асыраймыз? Біз қайда барамыз? Егер зауыт жұмысы тоқтаса ауыл қалаға үдере көшетініне сенімдіміз. Қала жағалаған тұрғындарға бірден жұмыс табыла ма? Барған соң пәтер жалдауға, жұмыс істеуге тура келмей ме?»-, деді ауыл тұрғындарының бірі жиын барысында.

Зауытта көп жылдардан бері еңбек етіп келе жатқан жұмысшылар бұл жағдайдың ауыр соққы болып тигенін айтады.

«Менің зауыттағы жұмыс өтілім -31 жыл. Қолымызға басқарушы компаниядан зауыттың тоқтап, жұмыстан босатылатын бұйрығы түсті. Өте өкінішті. Біз бүгін барлығымыз жұмысынан айырылып жатқан жұмысшылардың жағдайын айтуға жиналдық, – зауыт жұмысшыларының бірі.

Айдабол ауылы Көкшетаудан 80 ал Зеренді селосынан 33 шақырым қашықта орналасқан. 112 жыл бұрын іске қосылған зауытта 200-ден астам адам адам еңбек етеді. Бәрі жергілікті тұрғындар. Ауылдың тірлігіне қан жүгірткен, кәсіпорын енді банкротқа ұшырамақ. Кәсіпорын күні бүгінге дейін дәрігерлік амбулатория, балабақша дәріхана пошта сияқты әлеуметтік маңызы зор мекемелерді жылу және су желілерімен қамтамасыз еткен. Сондықтан да бұл кәсіпорынды ауылды ұстап тұрған зауыт ретінде қарайды. Сондай-ақ зауыт ауыл халқына тегін сабан мен быламық таратады. Быламық этил спирті өндірісінен қалған қалдықтан жасалады.

Жем-шөп жеткілікті болғандықтан, тұрғындар мал асырауға аса қиналмайды. Өйткені, жалақы тек азық-түлік алуға кеткендіктен, сиыр немесе бұқалақтарын сатып, балаларына киім алуына немесе оқуының ақшасын төлеуге яки қысқа отын-көмірін қамдауға болады. Соңғы уақытта Айдабол жастары елге қайтып келе бастаған. Қалада әрқайсына жұмыс табылмаған соң, мемлекеттік бағдарлама мүмкіндігін пайдаланып, өз ісін ашуға бел буған. Мәселе, ірі-қара мал алып кәсібін ашуға ниеттенген. Бірақ осы игіліктердің бірі де болмауы мүмкін. Өйткені зауыттағыларға қыркүйекке дейін зауыт жүмысын тоқтатылатыны жарияланған. Алайда, зауыт жұмысшылары мен ауыл жұрты мүлде тоқтап қалама деп үрейленіп отыр. Басқарушы компания осы уақытта жұмысшыларға бірнеше айға жалақыларының жартысын төлеуге уәде берген. Ал оның онсыз да азғантай екенін ескерсек, адамдар енді тек 25 мыңнан 60 мың теңгеге дейін ғана жалақы алмақ. Олардың көпшілігінің басында несиелері бар. Ал шаруашылығы бар адамдар да зауыт тоқтап, тегін азық-түліктен айырылса шаруалары шатқаятайтынын айтады. Ал жаңадан іс бастап ірі-қара сатып алған кәсіпкерлер оны жақын арада немен  асырарын және несиелерін қалай өтерін білмей дал. Айдаболдықтарды тағы бір жайт әлеуметтік мекемелердің қалай жылытатыны алаңдатады. Зауыт директоры Петр Ольфрет өзінің де не істерін білмей отырғанын жеткізді. Ол жабылудың негізгі себептерін атады.

Оның айтуынша өнімді сатылуының болмауы, спирттің бағасының қымбаттығы, мазут және шикізат бағасының қымбат болуы тоқтатуға мәжбүр еткен. Сонымен қатар сумен қамту да жалғастырылатын болады. Барлық зауыт ғимараттары мен жабдықтарының барлық жүйелерін сақтауға тапсырма берілген. Зауыт директорының айтуынша жылу қазандығы қыс біткенге дейін жұмыс істейді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img