spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
17.5 C
Kokshetau

Көкшетаулық студенттерге зауыт отандық ноутбуктерін тарту етті

Сондай-ақ...оқыңыз

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті «С.М.Киров атындағы зауыт» акционерлік қоғамымен бірлесіп, әлеуметтік жағынан осал топтағы студенттерге қолдау көрсету мақсатында ноутбуктер табыс етті, деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Университет ректоры Марат Сырлыбаевтың бастамасы бойынша қамқоршысысыз қалған студенттерге аталған зауыт демеушілік жасады.

Қазіргі кезде компания жаңа үлгідегі компьютер техникасы сияқты отандық өнімдерді шығарады. Зауыт «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының құрамындағы мемлекеттік ірі кәсіпорын болып табылады.

«Біздің кәсіпорынның ZIK Computers маркалы компьютерлік техниканы шығара бастағанына екі жыл болды. Осы аралықта 55 мыңға жуық техника құрастырылды. Оның 2000 данасын техникалық байқау мен тестен өткізілгеннен соң Солтүстік Қазақстан облысының аудандары мен қалаларына жібердік. Жақында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті басшылығы тарапынан бізге әлеуметтік жағынан осал топтағы студенттерге қолдау көрсету туралы ұсыныс түсті. Біз оны бірден қолдадық», – деп атап өтті «С.М.Киров атындағы зауыт» акционерлік қоғамы бас директорының коммерциялық мәселелері бойынша орынбасары Қайрат Әлібеков.

Бүгінде бұл техникаға халықаралық стандарт сертификаты берілген. Компьютер техникасы студенттердің жеке қолдануына берілді.

Сонымен бірге, зауыт сыбайлас жемқорлыққа қарсы «AntiParaCraft» квест-ойыны жобасына да қолдауға білдіріп отыр.

Айта кетейік, «AntiParaCraft» квест-ойыны пилоттық жоба болып табылады және елімізде алғаш рет енгізілуде.

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті осы идеяның авторы және жаңашылы болып табылады. Жоба ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тарапынан қолдау тауып отыр.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img