spot_img
Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
15.6 C
Kokshetau

Үш ауысымда оқыту мәселесін және апатты жағдайдағы мектептерді жоюды алдағы екі жылда шешеміз – Ермек Маржықпаев

Сондай-ақ...оқыңыз

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл –Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде облыс көлемінде алғаш рет 147 білім беру нысанын жөндеу үшін 10 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Бұл туралы облыс әкімі тұрғындарға есеп беру кездесуі кезінде айтты,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Кездесу барысында аймақ басшысы өткен жылы өңірде 8 балабақшаның ашылғандығын атап өтті. Атбасар, Егіндікөл, Целиноград аудандарында және Көкшетау, Степногорск қалаларында пайдалануға берілген балабақшалар барлығы 33 мың баланы мектепке дейінгі тәрбиемен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылы барлығы 840 орынды құрайтын 3 балабақшаның құрылысы жалғастырылады. Бұл мектепке дейінгі мекемелер Көкшетау, Целиноград ауданының Қараөткел, Қосшы ауылдарында салынып жатыр. Бұдан бөлек биыл тағы 726 орынға арналған 3 жаңа балабақшаның құрылысы басталады. Көкшетау қаласында 280 орындық, Красный Яр ауылында 166 орындық және Целиноград ауданының Қоянды ауылында 280 орындық жаңа нысандар пайда болады,-деді облыс әкімі.

Орта білім беру жүйесінде 72 мың оқушы II тоқсанды штаттық режимде аяқтады, ал қалған 57 мың оқушы қашықтықтан білім алды.Облыс мектептеріне 45 мың данадан астам компьтер техникасы жеткізілді,-деді облыс әкімі.

Еске сала кетсек, облыстың барлық білім беру мекемелері білім беру платформаларына және кең жолақты интернетке қосылды.
Барлық мектептер мен балабақшаларға бейнебақылау жүйелері орнатылды.
Облыс әкімі Ермек Маржықпаев білім саласындағы өзекті мәселелердің бірі апатты жағдайда тұрған мектептер мен үш ауысымда оқытатын білім мекемелерінің жай-күйіне тоқталды.

2020 жылы Жарқайың ауданы Крупское ауылындағы орта мектепке күрделі жөндеу жүргізілген соң, ол мектеп апатты жағдайдағы мектептердің қатарынан шығарылды. Қалған екі апатты жағдайдағы Біржан сал ауданы Бұланды мектебі мен Жарқайың ауданы Фурманов мектептерінің орнына жаңа мектептер салынады,-деді аймақ басшысы.

Атап айтқанда Целиноград ауданында салынатын 1620 орынға арналған үш мектептің құрылысы Қоянды, Қажымұқан, Қараменді батыр ауылдарындағы мектеп тапшылығы мәселесін шешпек.
Бұдан бөлек Көкшетауда салынып жатқан екі мектеп аймақтың үш ауысымда оқыту мәселесін бір жақты етеді деп күтілуде.

Облыс әкімінің сөзінше, ағымдағы жылы тағы 4 мектептің қазығы қағылады. Целиноград, Аршалы аудандарында барлығы 1880 орындық су жаңа мектеп бой көтереді.

Ал, Көкшетауда 960 орындық қосымша білім беру корпустары салынады.
Тұтастай алғанда, үш ауысымда оқыту проблемасын алдағы екі жылда толықтай шешеміз деген ойдамыз,-деп қосты аймақ басшысы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалықтар отан қорғаушыларына алғыс білдіруде

Отан қорғаушылар күні қарсаңында біздің жүрегіміз мақтаныш пен Еліміз үшін күрескендер үшін алғысқа толы! ҚХП Ақмола облыстық филиалы төрағасының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img