spot_img
Сенбі, Мамыр 4, 2024
8.7 C
Kokshetau

Ақмола өнеркәсіп өндірісі жөнінен алғашқы үштікке жайғасты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада елдегі пандемияға қарамастан өнеркәсіптік өндіріс көлемі айтарлықтай өскен. Атап айтқанда машина жасау, құрылыс, тамақ және жеңіл өнеркәсібіндегі көрсеткіштер бірнеше есеге артты. Бұл туралы облыс халқымен есептік кездесу барысында облыс әкімі Ермек Маржықпаев мәлім етті, деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста өнеркәсіп өндірісінің көлемі бір триллион теңге межесінен асып тарихи межеге қол жеткізді. Бұл өткен жылғы осы саладағы табыспен салыстырғанда 230 миллиард теңгеге көбірек болған.

«Облыс республикалық рейтингте өнеркәсіптің даму қарқыны жөнінен алғашқы үштікке, ал өңірлер арасында екінші орынға шықты. «Алтынтау Көкшетау» алтын өндіру фабрикасындағы өнім көлемінің 14 пайызға дейін ұлғаюы облысты өңделмеген алтын өндірісі бойынша көш басына шығарды. Қазір оның көлемі 33 тоннаға дейін жетті, – деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Облыс әкімінің мәліметінше басқа да өндіріс саласындағы қарқын айтарлықтай күшейген. Машина жасау саласында «КАМАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамы, КАИК ЖШС-і сол сияқты «KazRost Engineering» компаниясының астық жинау техникаларын шығару көлемі 10 есеге дейін артқан.

«Тыныс» акционерлік қоғамы автоматтандырылған мүгедектер арбасын шығаруды игерді. Сондай-ақ аталған кәсіпорын пандемияға қарсы «Көкшетау-4П» модельді өкпені жасанды желдету аппараттарын шығару көлемін ұлғайтқан. Тек өткен жылдың өзінде ғана 1111 данасы шығарылды, – дейді облыс әкімі.
Өңір басшысы тіпті коронавирус пандемиясының бірқатар өнеркәсіптердің кәсібінің өрге домалауына ықпал еткенін тілге тиек етті.

Мәселен шаруасы шатқаяқтай бастаған химиялық өнімдер өндіретін бес кәсіпорын дезинфекциялық құралдар шығаруға маманданып, жыл соңына дейін 700 мың литр антисептиктер шығарған. Ал жеңіл өнеркәсіпте елу шағын тігін кәсіпорындары қорғаныс маскалары мен індетке қарсы екі миллионға жуық костюмдер тігіп шыққан. Мұнымен қоса былғары аяқ киім өндірісі үш есеге, тоқыма өнімдері екі есеге және полиэтилен өнімдерінің көлемі үш есеге дейін ұлғайған.

Өңір индустриясының алға жылжуына мемлекеттік бағдарламалардың да оң ықпалы тиген. Атап айтқанда индустриялды-инновациялық даму бағдарламасымен 291 миллиард теңгенің 42 жобасы жүзеге асырып, 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құру қарастырылған.
Олардың ішінде өткен жылы 42 миллиард теңгеге 15 нысан іске қосылып, 1 200 жаңа жұмыс орындары құрылған.

«Өңірдегі аса іргелі жобалардың бірі ретінде «Макинск құс фабрикасында жылына 100 мың тоннаға дейін тауық етін инкубатордан зауытқа дейін өңдейтін тұйық циклді өндірістің іргелі жобасы жүзеге асқанын атап өткім келеді. Жобалық қуаттың арту еліміздің халқын 15 пайызға дейін қамтамасыз етіп, сырттан келетін ет импортының көлемінің үштен бірін жабуға мүмкіндік береді. Ал облыстағы екінші кезектегі құс фабрикасы іске қосылғанда құс еті өндірісінің көлемі жылына 26 мыңнан 55 мың тоннаға дейін жететін болады, – деп толықтырды Ермек Маржықпаев.

Жалпы пайдалануға берілген өнеркәсіптің өнімдердің жалпы көлемі 65 пайызды құраса, салық түсімінің көлемі 40 пайыздан асқан.

Өңір басшысы алдағы жылы да өнеркәсіп саласының қарқыны азаймайтынына үмітті екенін атап өтті.
«Құрылыс индустриясында цемент өндіру көлемінің және кірпіш өндірісінің 1,5 есеге дейін өсуі тиіс. Жалпы биылғы жылы өнеркәсіп өнідірісі тамақ, металлургия химия және құрылыс индустриясымен байланысты болмақ», – дейді Ермек Маржықпаев.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img