spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
12.8 C
Kokshetau

Пәтерлерде тоңып қалған тұрғындар шағымына облыс әкімі жауап берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Биылғы қыс көп қабатты үйлерде тұратын көптеген ақмолалықтарды тоңдырғаны рас. Жылыту маусымында орын алған келеңсіздіктер мен оны шешу жолдарын Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев есеп беру кездесуі кезінде айтып берді, деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агеттігі. 

«Көкшетау қаласы өсіп келеді, ал жылу көздерінің мәселесі сол күйінде қалып отыр. Бұл ҚР-1, үш қазандығы 70 Гкал, ҚР-2, үш қазандығы 100 Гкал. Жалпы, қала бойынша 510 Гкал. Жылумен жабдықтауды жақсарту үшін, осы тамызда біз газ-мазут қазандығын тапсырамыз, бұл 100 Гкал, яғни жылу мөлшерін бестен бір есеге арттырамыз. Сонымен қатар, тағы бір ұқсас қазандық сатып алынады. Жалпы, біз 700 Гкал жылу береміз. Бұл біздің қаламыздың жылуын тұрақтандырады», – деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Сондай-ақ, қуаты 120 Гкал болатын, үш шаң көмір қазандығын жаңғыртатын төртінші қазандықтың құрылысы бойынша ЖСҚ әзірленуде. Жалпы алғанда, қалада көмір қазандығының жалпы қуаты 408 Гкал болатын төрт жаңақазандық жұмыс істейтін болады.

«Мен халыққа мынаны айтқым келеді. Қалада ПИК жұмысы бойынша проблемалар бар. Біздің тұрғындар да әрдайым талаптардың барлығын орындай бермейді. Кейбір үйлердің кіреберісінде есіктер жоқ, терезелер сынған, жертөлелер ашық, үйішілік желілер өз қалауы бойынша өзгертіледі. Мұның бәрі, әрине, жылу беру сапасына әсер етеді. Осы жазда бәрін тәртіпке келтіреміз және жаңа жылыту маусымын тұрақты түрде бастаймыз», – деді спикер.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img