spot_img
Сейсенбі, Мамыр 14, 2024
7.2 C
Kokshetau

Көкшетауды көркейту жұмыстары жалғасады

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыс орталығы Көкшетау қаласының қанаты жылдан жылға жайылып келеді. Өткен жылы аймақта су жаңа нысандар пайда болып, тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді. Қопа көлінің жағалауын абаттандыру – Көкше тарихындағы үлкен жоба. Мұнда тұрғын үй кешені ғана емес, барлық қажетті инфрақұрылым дамитын болады. Бүгінде Кенесары көшесінен қан орталығына дейінгі айналма жолдың құрылысы жүргізілуде. Биылғы жылы да көркейту жұмыстары жалғасады.  Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев айтты, деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі. 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Аймақта тұрғын үйлерді салу жұмысы қарқынды жүргізілуде. Әсіресе, соңғы жылдары пайда болған «Сарыарқа» шағын ауданы белсенді дамып келеді.

Қалада 15 шақырымнан астам көше-жол желісі жөнделді. «Көкшетау-Атбасар»тас жолындағы кіреберіс арка қайта жаңартылды.

«Қалада Полина Осипенко атындағы сквер абаттандырылды, Жайлау шағын ауданындағы аулаларды күрделі жөндеу және Абай, Назарбаев, Әуелбеков, Ақан сері, Уәлиханов, Жангелдинов, Баймұқанов, Вернадский және Сәтпаев көшелеріндегі 11 аулаларды ағымдағы жөндеу аяқталды»,-деді спикер.

Көкшетау тарихында өткен жылдың басты оқиғаларының бірі – оқушылар мен студеттерге арналған «Bolashag saraiyның» ашылуы болды. Нысан балалардың техникалық, спорттық, көркемдік-эстетикалық бағыттағы қабілеттері мен дағдыларын дамыту мақсатында пайдалануға берілді.

Онда Биотехнология және экология зертханалары, электроника және электротехника кабинеттері, жаңартылатын энергия көздері, 3D–модельдеу, киберқауіпсіздік және Lеgо «Заттар интернеті», сондай-ақ екі бассейн, тренажер және балет залы бар. Сабақтар теория мен практика жүзінде өтеді», – деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Стрит-арт стилінде көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерінде ерекше муралдар пайда болды.

Аймақтағы жүргізілген жаңа құрылыстардың басым бөлігі Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастық Форумын өткізуге дайындық.аясында жүзеге асырылды.

Естеріңізге сала кетсек,  2020 жылы өткізілуі жоспарланған аталмыш форум пандемияға байланысты кейінге шегерілді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Су тасқынынан зардап шеккен 27 атбасарлық отбасы баспаналы болды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Атбасар ауданына жұмыс сапарымен барып, онда көктемгі су тасқыны салдарынан үйлері жарамсыз деп танылған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img