spot_img
Сәрсенбі, Желтоқсан 11, 2024
-6.4 C
Kokshetau

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі Тәуелсіздік тойына өз тартуын ұсынады

Сондай-ақ...оқыңыз

 Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту аясында  ғылыми-зерттеу бағытында 50-ден астам іс-шаралар өткізуді қолға алып отыр. Жинақтау, экспозициялық-көрме және мәдени-білім беру жұмыстары музейдің барлық филиалдарында ұйымдастырылады,-деп хабарлайды «Aqmola News» музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

        Жыл басында «Музей коллекцияларындағы Тәуелсіз Қазақстан тарихы» жобасы аясында «30 музей сабақтары» циклі бастау алды. Алғашқы сабақ «Ерте темір дәуірінің құрбандық тастары» тақырыбында өткізілді. Келушілер ақпан айына жоспарланған «Путешествие в этномир. Казахские мужские кожаные пояса» сабағына қатысуға болады.Сонымен қатар сіздерді музейдің әр жәдігерінің қызықты әлеміне кенеліп, танып білу үшін «Бір жәдігердің тарихы» айдарына шақырамыз.Әйелдерге арналған  түлкіден тігілген қазақттың ұлттық тоны мен мәсісін көрсететін бейнероликтер де жасалады. Бұл жолы музейдің экологиялық жобаларына да ерекше назар аударылатын болады. «Эко – стратегия нашей жизни» тақырыбында дәріс дайындалуда,-дейді музей директоры Қуаныш Шақшақов.

        Алаш тақырыбы музей жұмысында да ерекше орын алады. 2021 жылы алғашқы болып Атбасар тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкерлері «Алаш көсімдері» атты музей сабағын өткізді. «Алаш қайраткерлері – өлке тарихында» атты облыстық музей жобасы да өз жұмысын жалғастыруда, оның аясында «Выдающиеся сыны казахского народа в памяти поколений» атты қысқаметражды фильмдердің жаңа топтамасына бастама берілді, фильмдерде басты кейіпкерлер – Әлімхан Ермеков, Жұмағали Тлеулин және т. б. туралы түсірілетін болады.

«Тәуелсіздік жаршылары» ретінде атақты қазақ жазушысы Ілияс Есенберлинді де атап өтуге болады. Ілияс Есенберлиннің әдеби музейінің ғылыми қызметкерлері музей сабағын осы тақырыпқа арнады, оған Ілияс Есенберлин атындағы қордың вице – президенті Ахмет Дүйсембаев қатыспақ.

Ұлттық Наурыз мерекесін де ерекше өткізуді жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күні онкүндікті өткізу жоспары әзірленді, ол челлендж форматында өткізіледі және оған облыстың барлық музейлері қатысатын болады. Сондай-ақ біздің оффлайн және онлайн келушілерімізді «Былғары. Көшпенділер мұрасы» атты көрмесі күтеді. Онда Ақмола облыстық тарихи – өлкетану музейінің қорынан алынған түрлі былғарыдан жасалған бұйымдарды тамашалауға болады,-дейді Қуаныш Шақшақов.

Жоғарыда аталған іс-шаралар 2021 жылдың I тоқсанында өткізілмек. Екінші жарты жылдыққа арнап келушілер үшін музей ұжымы жаңа бағдарламалар тізімін жасақтамақ ниетте.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Асыл Мұра» жылдың үздік хореографиялық ұжымы атанды

14 желтоқсан күні "Достар" мәдениет сарайындаАқмола облысы мәдениет басқармасы жанындағыоблыстық халық шығармашылығы және мәденидемалыс орталығы ұйымдастырған "Жыл үздігі –...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img