spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.6 C
Kokshetau

Ақмолада карантин режиміне қарамастан 200 адамға той өткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында карантин режимін бұза отырып, көпшілік шаралар өткізілгендігі анықталды, деп хабарлайды «Aqmola News».

Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 2021 жылдың 6 ақпанында Целиноград ауданының Қабанбай батыр ауылында мониторингтік топ карантин режимі бұзылғанын анықтады. Мұнда 80 адамның қатысуымен 70 жылдық мерейтой ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, мониторингтік топ Көкшетау қаласындағы «Алтын шаңырақ» қонақүй кешенінде үйлену тойы өткізілгендігін анықтады.

«Бұл кешен карантиндік талаптарды елемей, жаппай іс-шаралар өткізіп тұрады. Әкімшілік жауапкершілікке 4 рет тартылды. Көкшетау қаласының санитарлық қызметі жоспардан тыс тексеру жүргізді. Той өткізу фактісі бойынша ұйымдастырушы мен жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – деді ведомстводан.

Сонымен бірге, мониторингтік топ Көкшетау қаласындағы «Хан сарайы» мейрамханасында «Тиолайн» ЖШС фирмасы 200 адамның қатысуымен корпоративтік іс-шара өткізгендігін анықтады.

«Көкшетау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы іс-шараны ұйымдастырушы мен өткізген мекемеге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425 бабы 1 бөлігі бойынша жауапқа тарту шараларын қабылдайтын болады», – деп толықтырды ведомстводан.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img