spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
8.7 C
Kokshetau

ҚАЖ қызметкері сотталушының өмірін құтқарып қалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада қылмыстық атқару жүйесінің қызметкері сотталушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 қаңтарда күнделікті жұмыс жүріп жатқан. Бурабай ауданының пробация қызметінде әдеттегідей кестеге сәйкес сотталушыларды тіркеу өткізеледі.

Өзінің жиенін өлтіріп қоя жаздаған 25 жастағы Глеб арақ ішіп отырып бірнеше мәрте пышақ салғаны үшін сотталған. Полиция басқармасының баспалдағына көтеріле берген жігіттің эпилепсиясы ұстап талып қалған.

Бұл аурумен Глеб туғаннан бері ауырады екен. Соның салдарынан мектепте де оқымай тек 3 сыныпты ғана тәмамдапты. Мұндай жағдайда сауатты алғашқы көмек жасалуы тиіс. Бөлім қызметкерлері дереу жедел жәрдем шақыртқан. Бірақ көмек кеш келе ме деп қауіптенген өздері көмек бермек болыпты. 

Павлодар заңгерлік колледжінде алғашқы медициналық көмек көрсеткеніміз есіме түсті. Жедел жәрдем қызметкерлерін күтеін уақыт болмады. Ол көгеріп, тыныс ала алмай жатты. Дереу көмек көрсеттім, – дейді әділет капитаны Руслан Жайсенбаев.

Жедел жәрдем жеткенше Глеб аяққа тұрған. Глеб өзін құтқарғандарға алғысын жаудырған. Ең бастысы адам тірі қалған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img