spot_img
Жұма, Мамыр 10, 2024
13.2 C
Kokshetau

Компаниялармен серіктестік орнату-студенттер тәжірбиесіне зор үлес қосады-Нартай Ибраев

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласы Жоғары техникалық колледжі көп жылдардан бері кәсіптік-техникалық білім беруде жергілікті компаниялармен серіктестік орнатып келеді. Бұл мүмкіндіктің арқасында студенттер іс-тәжірбиеден өтіп, одан әрі жұмысқа тұрып кетуіне де жол ашылып отыр. Аймақтағы ірі компаниялармен серіктестік туралы директордың кәсіби оқыту жөніндегі орынбасары Нартай Ибраев толығырақ жеткізді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бүгінде 4 оқу корпусынан тұратын колледжде барлығы 2085 студент 36 кәсіптік оқыту мамандықтары бойынша білім алуда. Студенттер үшін 2 жатаққана қызмет етіп тұр. Үшінші жатаққананың жоспары бекітіліп, пайдалануға берілуі көзделген.

Пандемия кезінде тігін өндірісінің оқу өндірістік орталығында барлығы 2 мың данаға жуық бетперде тігілген. Қорғаныш құралына «Көкшетау жолдары» және «Темір жол вокзалы» сияқты мекемелер тапсырыс беріпті.

Наурыз айынан басталған пандемия кезінде «Тыныс» зауытымен бірлесіп жұмыс істедік. Біздің студенттер өкпені жасанды желдету аппаратының негізгі бөлшегі коллектор корпусының 50 данасын жасады. Бұл да болса студенттердің пандемиямен күресуге қосқан үлесі дер едім. Сонымен қатар, колледж базасында мүгедектер арбасына қажетті қосалқы бұйымдардар да жасалды, – дейді Нартай Ибраев.

Бұдан бөлек, «Енки», «КАИК», «Регион строй», «Степногорск бөлшек зауыты», «СейНур» автобус паркі сияқты ірі серіктестіктермен колледж арасында көпжылдық келісім шарттар жасалған.

Колледж бен бұл компаниялар арасындағы байланыс үзілмейді. Өзара келісімшарт негізінде аталған компанияларда колледж студенттері іс-тәжірибеден өтеді. Егер студент тәжірибе кезінде өзін жақсы қырынан көрсетсе, сол жерге жұмысқа қалуға да мүмкіндік туады. Компания басшылығынан студенттің оқуын аяқтаған соң жұмысқа тұруы жөнінде ұсыныс хат та келіп жатады,-дейді Нартай Ерназарұлы.

Директордың орынбасарының мәліметінше, түрлі серіктестіктерде жылына 200-ден астам 4-5 курс студенттері іс-тәжірбиеден өтеді.

Мәселен, жаз мезгілінде құрылысшы мамандығының студенттері «ENKI» кірпіш зауыты мен «Регион строй» серіктестігінде әрі тәжірбиеден өтіп, әрі жұмыс істеді. Құрылыс компаниялары жұмысқа тұрған студенттерге 160-180 мың теңге сомасында жалақы тағайындады. «Степногорск бөлшек зауытында» іс-тәжірибеден өткен студенттер машина жасау, электроника, дәнекерлеу, оператор мамандықтары бойынша білімдерін жетілдіреді. Ал, «СейНур» автобус паркіне барған студенттер көліктердің ішкі құрылысымен толығырақ танысып, өз бетінше техникалық қызмет көрсету станциясы саласына қатыстының бәрін үйреніп келеді,- дейді Нартай Ибраев сұхбаттасу барысында.

Айта кетерлігі  2020 жылы «Жас маман» жобасы бойынша  Ақмола облысында  5 колледжде білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесі енгізілді. Олардың ішінде аймақтың білім беру қызметі саласындағы көшбасшысы болып Көкшетау қаласы Жоғары техникалық колледжі танылды.

2020 жылы оқу орнына заманауи құрал – жабдықтар сатып алу үшін республикалық бюджеттен 501 миллион теңге және жергілікті бюджеттен 25 миллион теңге бөлінді.

 

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жеңіс күніне орай ардагерге құрмет көрсетілді

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов пен депутат Саят Сыздықов тыл еңбеккері  Ксения Петровна Тюменцеваны Жеңіс күнімен құттықтады. Зеренді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img