spot_img
Жұма, Наурыз 29, 2024
3.2 C
Kokshetau

Ақмолада мүгедек әйел өрттен құтқарылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Степногорск қаласында өрт сөндірушілер өртеніп жатқан бес қабатты үйден үшінші топтағы мүгедек әйелді құтқарып алды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дабыл 17 қаңтар күні таңғы 9:52 шамасында түскен. Өрт сөндірушілерге қаланың 7 шағын ауданындағы 5 қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шыққаны туралы хабарланған.

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер пәтердің терезесінен қою түтін шығып жатқанын көреді. Өз бетімен жүре алмайтын әйел үйден шыға алмай қалған. Өрт сөндірушілер жеткен кезде әйелді көршілері шығарып алуға әрекеттіп жатады.

«Газ түтінінен қорғау қызметкерлерінің көмегімен өрттен мүмкіндігі шектеулі 1947 жылғы туған әйел құтқарылды. Өрт сөндірушілер әйелді жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстады. Дәрігерлер тексерген әйел үйіне кері қайтарылды. Өрт шыққан үйдің қабырғалары мен төбесі күйіп, тұсқағаздары өртенгені, бірқатар үй жиһаздарының бүлінгені анықталды. Өрт сөндірушілер келгенше әйелде бесінші қабаттағы баспалдақ алаңына шығарып үлгерген көршілеріне зор алғысымызды білдіреміз, – дейді Степногорск қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Арман Шаяхметов.

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыздар. Өрт қауіпсіздігі үшін қарапайым қағидаларды есте сақтаған жөн. Өз қауіпсіздіктеріңіз – өз қолдарыңызда, – дейді төтенше жағдайлар департаментінен.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық еңбек сіңірген педагог оқу ағарту министрімен кездесті

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Қазақстанның Еңбек ері» және «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атақтарын иеленген еліміздің құрметті педагогтерімен кездесті....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img