spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
13.2 C
Kokshetau

Көкшетау қалалық мәслихатының алғашқы сессиясы өткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Сөйтіп, сайлаудың нәтижесі шығып, қалаулылар анықталған сәттер артта қалып, Көкшетау қалалық мәслихатының алғашқы сессиясы болып өтті.

Жетінші шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының бірінші сессиясына қала әкімі А.Смайылов, қалалық әкімдіктің бөлім басшылары, қаланың Құрметті азаматтары қатысты, сессия жұмысына депутат З.Нұрымова төрағалық етті. Депутаттар Рүстем Серікұлы Қалышевты қалалық мәслихат хатшысы етіп сайлады.
Алдымен мінберге көтерілген қалалық сайлау комиссиясының төрайымы М.Қалиева құттықтау сөз сөйлеп, жаңа сайланған депутаттарға депутаттық куәліктер мен төсбелгілерін табыс етті. Оның ұсынған бүгінгі сессияға төрағалық ету кандидатурасын депутаттар бірауыздан қолдап, Зәуреш Нұрымова алғашқы жиын тізгінін қолға алды.
Сессияда мәсли-хаттың тұрақты комис-сияларының құрамы бекітіліп, олардың төрағалары сайланды, «Нұр Отан» партиясының фракциясы тіркелді. Сондай-ақ, «Көкшетау қаласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы» туралы қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Шұқатова хабарлама жасады.
Жаңа сайланып, іске кіріскен депутаттарды қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ш.Әлиев, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы С.Кәкеновтер құттықтап, істеріне жеміс тіледі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов: «Бізге көзбояушылық қажет емес, нақты істер қажет!»

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img