spot_img
Сенбі, Қыркүйек 26, 2026
13.2 C
Kokshetau

«Жастардың болашағы үшін дауыс бердім» – Диас Берлібек

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасында Парламент Мәжілісінің және мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Бүгінгі сайлауда өзінің алғашқы азаматтық таңдауын жасап жатқан Көкшетау қаласының 18 жастағы тұрғыны Диас Берлібек те №24 Көкшетау қалалық сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды «Aqmola News» тілшісі. 

Диас Берлібек жастардың болашағы жарқын болуы үшін өз таңдауын жасағанын айтты.

«Мен 18 жасқа толдым. Бүгінгі сайлауда алғаш рет дауыс беріп отырмын. Білім инновациялық лицейінің түлегімін. Қазақстан демократиялық мемлекет болып табылады. Сондықтан еліміздегі сайлаудың әділ әрі ашық түрде өткенін қалаймын. Қазақ елінің қарқынды дамуы үшін жастарға көңіл бөлінгені жөн деп санаймын. Сондықтан өз дауысымды беруге асықтым. Таңертең келіп өзімнің таңдауымды жасадым, – дейді Диас. 

Айта кетейік, сайлау учаскелерінде барлығы санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылуда. Сайлау комиссиясы арнайы киімдер мен маскалар таққан. Сайлаушылардың арақашықтық сақтауы үшін арнайы белгілер қойылған. Сондай-ақ, кіреберісте сайлаушылардың дене қызуы тексерілуде.

Диастың ата-анасы мемлекеттік қызметкерлер екен.

Әкем Еркін Берлібек Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінде азаматтық қорғаныс подполковнигі болып қызмет етеді. Осы сайлауда бақылаушы. Анам Тоты Берлібек Әділет департаментінде бас маман болып істейді, – деп толықтырды Диас Еркінұлы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетуге 815 млн теңге жұмсауға дайын. Қайырымдылық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика