spot_img
Жұма, Шілде 11, 2025
19.9 C
Kokshetau

Сайлаудың әділ өткенін қалаймыз

Сондай-ақ...оқыңыз

Елімізде Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау жүріп жатыр. Ақмола облысының аумақтық сайлау комиссиясының деректері бойынша облыста таңғы 10.00-де 10,2 пайыз сайлаушылар дауыс берген, деп хабарлайды «Aqmola News». 

Біз барған №1 Көкшетау қалалық орта мектебінде орналасқан №8 сайлау учаскесінде таңғы жетіден сайлауға дауыс беру басталды. Халық өз қалауларын жасап жатыр. Бақылаушылардың айтуынша сайлауға келген халық еш заң бұзушылықсыз дауыс беріп жатыр.

Қазіргі уақытқа дейін 40 адам дауыс беріп үлгерді. Ешқандай заңбұзушылықтар болған жоқ. Бәрі ойдағыдай өтіп жатыр, – дейді «Азаматтық альянс» бақылаушысы.

Сайлауға дауыс беруге келген зейнеткер азаматтар дауыстың әділ болғанын қалайтынын айтты.

 

«Бүгін таңертеңмен сайлауға келіп өзімнің қалауымды жасадым. Сайлаудың әділ өткенін қалаймын. Елімізде сайлаудың әділ өтіп әділеттіліктің салтанат құрса деймін, – дейді Әлкен Құрманбаев есімді Көкшетау қаласының зейнеткер тұрғыны.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ушу спортынан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алты медаль алды

Қытайдың Джилинг қаласында ушу саньда спортынан ересектер арасындағы Азия кубогында Қазақстан құрамасы алты медаль алды. Бұл жарысты Халықаралық және Азия...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика