spot_img
Дүйсенбі, Қараша 4, 2024
-0.8 C
Kokshetau

 Мұраты – халық игілігіне қызмет ету

Сондай-ақ...оқыңыз

 Алдағы сайлауда облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан кандидаттар Көкшетау қаласындағы облыстық көпбейінді аурухананың медицина қызметкерлерімен жүздесті.

Үміткерлердің әрбірі өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, алға қойған міндеттері жайлы айтты. Сайлаудың ашық, әрі әділ өтуінен мүдделі саяси ұйым мүшелері нағыз халықтың партиясына дауыс беруге шақырды.

Кандидаттар арасында жастардың қатары көп. Олардың бірі жеке кәсіп иесі, енді бірі қоғамдық ұйым жетекшісі, енді бірі медицина маманы. Әрбірінің алға қойған мақсаттары үлкен. Халықтың игілігі жолында еңбек ету –мұраттары. Үміткерлердің қатарында үш медицина қызметкері алдағы додада бағын сынамақ. Бұл да әр мамандық иесінің кандидат бола алатынын білдіреді. Дәрігерлер Нұрлан Жаров, Ербол Аяғанов, Ғалия Сабатаевалардың сайлауалды бағдарламасының басым тұсы – халық денсаулығын жақсартуға бағытталған.

Олар кадр тапшылығы мәселесін жойып, білікті мамандар қатарын көбейтуді көздейді. Сондай-ақ, емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық жарақтануына да баса көңіл бөлмек. Білім саласының майталмандары, алдағы додадан үміткер Айнагүл Балташева, Талғат Жүнісовтер өздерінің сайлауалды бағдарламасына саналы ұрпақты жетілдірудің жолы –сапалы білім дейді. Сондықтан балаларға қосымша білім беру үрдісін жалғастырып, оны әрі қарай дамытуға басымдық бермек. Өнеркәсіп саласына жетекшілік ететін Сергей Кистин, Асен Жақсылықовтар болса, өндіріс орындарын мықты мамандармен толықтыру арқылы ғана экономикалық тұрақтылыққа қол жеткіземіз дейді. Умар Шоназаров, Манат Мусин, Рүстем Қалышевтар да халыққа көрсетілетін қызмет түрлерін жақсарту жолында еңбек ете бермек.

Бүгінгі күні Көкшетау қаласының көркейіп, келбеттеніп, жаңа тұрғын үйлердің бой көтеруі, бәрі-бәрі партияның сайлауалды бағдарламасының жеті бағытында анық жазылған. Медицина қызметкерлері алдында сөз сөйлеген Сұлтанбек Бекешев сияқты жалындап тұрған  жастар да алдағы уақытта еліміздің гүлдене беруі жолында жұмыс істейміз дейді.

Медицина қызметкерлерімен емен-жарқын әңгімелескен кандидаттар олардың сауалдарына жауап берді және өткен жылы елімізге келген індеттің алдын алу жолында қажыр-қайратын жұмсап, жан аямай күрескен медицина қызметкерлеріне алғыстарын айтты.

“Nur Otan” партиясы Көкшетау қалалық аумақтық филиалы сайлау қорынан төленді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Асыл мұра» халықаралық конкурста гран-при жеңді

"Би жеңісі: "Асыл мұра" Шымкенттен жеңіспен оралды!» Көкшетау қаласының теміржол вокзалының перронында "Асыл мұра" балалар би ұжымын қалалық мәдениет бөлімінің,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img