2026 жылғы 25 қыркүйек — Аза тұту күні
25 сентября 2026 года — День траура.
spot_img
Сенбі, Қыркүйек 26, 2026
8.8 C
Kokshetau

ДДСҰ: Жаңа вирус 22 елге тарап үлгерді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ұлыбританияда шыққан коронавирустың өзгерген түрі Еуропаның 22 еліне тарап үлгерді. Бұл туралы BAQ.KZ «Хабар 24» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймағы бюросының басшысы Ханс Клюге мәлім етті.

Оның айтуынша, жаңа штамм кез келген жастағы адамдардан анықталған. Сондықтан ол бүкіл әлемге тарап, Ұлыбританиядағыдай басты коронавирусқа айналу қаупі бар.

Еске сала кетейік, коронавирустың өзгерген түрі Ұлыбританияда өткен желтоқсан айында тіркелген болатын. Жаңа штамм алдыңғы коронавирусқа қарағанда адамдарға тез жұғатыны анықталған.

Әлемнің көптеген елі корольдікпен әуе қатынасын тоқтатып, бұл елдерден келген адамдарды қатаң тексеруге кірісті. Дегенмен ұйым вакцинаға көп үміт артып отыр.

Коронавируспен күресте ұжымдық иммунитет маңызды рөл ойнауы тиіс. Бірақ бұл нәтижеге жетпес үшін алдымен вирустың таралуын азайту қажет. Себебі вакцина дертке қаншалықты ұзақ тосқауыл қоя алатыны әлі беймәлім, – дейді ДДСҰ Еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетуге 815 млн теңге жұмсауға дайын. Қайырымдылық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика