spot_img
Сәрсенбі, Тамыз 19, 2026
12.6 C
Kokshetau

Көкшетауда газ жарылысынан зардап шеккен екінші қыз бала көз жұмды

Сондай-ақ...оқыңыз
Көкшетауда газ жарылысынан ауыр жарақат алған тағы бір 14 жастағы Нұрай Дәуренбекова ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды «Aqmola News». 
Бұл туралы Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.
«Өкінішке орай ауыр жағдайда ауруханаға түскен тағы бір қыз бала көз жұмды. Нұрай ауруханаға түскен екі апта бойы өте ауыр жағдайда болған. Бүгін қайтыс болды. Басқа зардап шеккен балақайлардың бәрі ауруханадан шықты, – деді Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Арайлым Қасымжанова.
Естеріңізге сала кетсек, Көкшетау қаласында 20 желтоқсан күні көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде тұрмыстық газ баллоны жарылған. Үй иесі көшеден төрт литрлік газ баллонын кіргізіпті. Жарылыс сол баллонның салдарынан болған. Үйдің бірінші қабатында болған газ жарылысынан көршілер мен оқиға куәгелері өрт сөндірушілер келгенше екі ересек адам мен алты баланы сыртқа шығарып үлгерген.
Көпбейінді облыстық балалар ауруханасына жарылыстан зардап шеккен алты бала түскен. Олардың үшеуі жансақтау бөліміне түссе, үшеуі хирургияға жатқызылған. 27 желтоқсан күні қыздардың бірі қайтыс болған. 16 жастағы Арайлым Дәуренбекованың 50 пайыздан астам денесін күйік шалған.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ашық диалог және жауапты өкілдік

Куаныш Оспан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кітапханасының директоры. Меніңше, бүгінде қоғам сайлауға бұрынғыдан да саналы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика