spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
9.2 C
Kokshetau

Қыс қызығы сырғанақ: Көкшетауда мұз қалашықтары пайда болды (ФОТО РЕПОРТАЖ)

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда жылдағы дәстүр бойынша мұз қалашықтары пайда болды. Мұздан қаланған мүсіндер балғындар үшін «Ертегі әлеміне саяхат» іспетті. Жаңа жыл қарсаңында Абылай хан алаңы мен «Достар» МҮ-нің маңында  мұздан қашалып ерекше жобалар жүзеге асырылды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Көкшетаудың орталық алаңына қойылған шыршаның биіктігі 22 метр, «Достар» МҮ-нің алдындағы шыршаның биіктігі 18 метр.

Барлық жұмыстарды мердігер компания «Көкше тазалық» серіктестігі жүзеге асырды.

Қала тұрғындары да осы маусым кезінде орталық алаңнан сейіл құруға арналған ерекше жобаны күтетіні қалыпты жағдай. Себебі облыс орталығында мұздан қашалып жасалатын сырғанақтар мен мүсіндер жобасы бірнеше жылдардан бері жүзеге асырылып келеді.

Мердігер компанияның мәліметінше, әрбір қойылған композициялардың ішкі жағына жарықтандыратын материал орналастырылған. Сол себепті әр мүсінде жарықшамдар жанып. сырғанақ алаңына сән бере түседі.

Құрылысы аяқталған орталық алаңдағы мұз қалашығында 1 үлкен сырғанақ, 2 орташа және кіші 2 сырғанақ салынған.

«Достар» МҮ-нің маңына да балалардың жас ерекшеліктеріне қарай барлығы 5 сырғанақ орын тепті.

Мердігер компания сырғанақ маусымы аяқталғанға дейін оның сапасы мен толыққанды қызмет көрсетіп тұруына жауап береді.

Еске сала кетсек, Көкшетаудағы бас шырша 25 желтоқсанда жағылды.

Көкшетау қаласы ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Мадина Хасенова биыл қалада жаңа жылдық отшашу болмайтындығын айтқан болатын.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img