spot_img
Дүйсенбі, Тамыз 17, 2026
11.1 C
Kokshetau

Бастау ауылында «Жастардың бос уақытын өткізу орталығы»салынуда

Сондай-ақ...оқыңыз
Атбасар ауданы Бастау ауылдық округінде » Жастардың бос уақытын өткізу орталығы» салынуда,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Аудан әкімі Аманбек Қалжанов құрылыс алаңына барып, жұмыс қарқынын тексерді.
Аталған орталық «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Жоба 2021 жылы толық аяқталып, пайдалануға берілуі жоспарланған.
Аудан басшысы атап өткендегідей, жастардың бос уақытын өткізу орталығы – бұл ауылдық округте жүзеге асырылатын маңызды әлеуметтік нысан. Сондықтан да құрылыс шарттарын сақтау маңызды.
«Бүгінде жұмыстар құрылыс кестесіне сай жүргізілмей жатыр. Сондықтан нысанға бөлінген қаражаттың биыл игерілмей қалу қаупі де жоқ емес,-дейді аудан әкімі.
Сапар кезінде аудан басшысы құрылыстың мерзімінен кеш орындалып жатқандығын сынға алып, жоба жетекшілеріне құрылысты уақытында тапсыру қажеттігін ескертті.
Осыған байланысты құрылыс барысы жеделдетілмесе, келісімшарттық міндеттемелерге сәйкес қатаң шаралар қолданылатындығы айтылды.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылтай – елдік ой мен қоғамдық жауапкершіліктің жаңа белесі

Қазақ халқының тарихи жадында «Құрылтай» ұғымының орны айрықша. Ежелгі дәуірлерден бастау алатын бұл атау ел тағдырына қатысты маңызды мәселелерді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика