spot_img
Жексенбі, Мамыр 12, 2024
8.5 C
Kokshetau

Көкшетау жайлы шығармалар енген аудиокітаптардың презентациясы өткізіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалау кеңсесі» КММ-нің тапсырысы бойынша жарық көрген «Ақмола облысы және тұлғалары жайлы қазақ қаламгерлерінің шығармалары» атты аудиокітаптар сериясының тұсаукесері ұйымдастырылады, деп хабарлайды «Aqmola News».

Көкшетау жайлы елге белгілі ақындардың жазған өлеңдері мен поэмалары жайлы тұсаукесер 4 желтоқсан күні сағат 15:00-де ЗУМ платформасы арқылы өтпек.

Бұл өткен жылы көпшіліктің көңілінен шығып, қолдау тапқан «Ақмола облысы ақын-жазушыларының аудиокітаптары» атымен жарыққа шыққан серияның дәстүрлі жалғасы болып саналады.

Екінші серияға:

  1. Ілияс Жансүгіровтың “Құлагер” поэмасы,
  2. Сәкен Сейфуллиннің “Көкшетау моншақтары” поэмасы,
  3. Мағжан Жұмабаевтың “Батыр Баян” поэмасы,
  4. Асқар Сүлейменовтің “Адасқақ” романнан үзіндісі,
  5. Кеңшілік Мырзабековтің “Біржан сал” поэмасы,
  6. Зейтін Ақышевтың “Иманжүсіп” романынан үзіндісі,
  7. Иран Ғайыптың “Жәпек-Шаған” драмалық дастаны,
  8. Әбіш Кекілбаевтың “Абылай хан” халықтық қаһармандық драмалық дастаны,
  9. Мәшһүр Жүсіптің “Кенесары-Наурызбай» дастаны енген болса,

10-шы кітапқа Көкше еліне арналған он ақынның өлеңдері енді. Олар:

  1. Хамит Ерғалиев «Көкшетау»
  2. Қасым Аманжолов «Көкшетау»
  3. Ерлан Жүніс «Жұмбақтас»
  4. Ғалым Жайлыбай «Бұландының бұлттары»
  5. Назира Бердалы «Сұлу Көкше!»
  6. Ғафу Қайырбеков «Көкшетау естеліктері»
  7. Ғалым Жайлыбай «Көркем сөздің, төресі, снайпері» (Тұрсынбек Кәкішевке)
  8. Күләш Ахметова «Көгілдір кештерінде Көкшетаудың»
  9. Қалқаман Сарин «Көкшетау»
  10. Жұмағали Саин «Көкшетау»

Аудиокітаптарды оқыған театр және кино актері, ҚР Мәдениет қайраткері Жарас Қалдаров, өлеңдерді оқыған Ақмола облыстық «EL Jastar» эксперименталды лабораториялық жастар театрының актерлері, дейді ұйымдастырушылар.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жеңіс күніне орай ардагерге құрмет көрсетілді

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов пен депутат Саят Сыздықов тыл еңбеккері  Ксения Петровна Тюменцеваны Жеңіс күнімен құттықтады. Зеренді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img