spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
19.2 C
Kokshetau

Ақмола «қызыл аймақтан» шыққандықтан жолаушылар тасымалы қайта қаралмақ

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы «қызыл аймақтан» шықты. Осыған сәйкес өңірде бірқатар аймақтарға шығатын жолаушылар тасымалын қайта іске қосу жайы қарастырылуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысының орынбасары Александр Рублевский мәлім етті, деп хабарлайды «Aqmola News».

Ведомство өкілінің айтуынша егер санитарлық бекеттер алынып, карантин талаптары жеңілдетілсе автобустар қозғалысы қайта жандана бастайды.

«Егер қатаңдатылған карантин талаптары жұмсарып қаладан шығатын жолдарда санитарлық бекеттер алынса Көкшетау және Степногорск қалаларына қатынайтын автобустар қайта жүретін болады. Сонымен қатар, азаматтық авиация комитеті желтоқсанның сегізінен бастап «Көкшетау-Алматы, Көкшетау-Ақтау» бағытындағы әуе рейстерін қайта іске қосу туралы шешім қабылдаған. Алайда жолаушылардың болмауына байланысты Алматы бағытындағы алғашқы рейстің ұшырылуы кейінге қалдырылды. Алдағы уақытта қайтадан жолаушылар сұраныстары түсіп жатса қайта жүзеге асырылатын болады, – дейді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Александр Рублевский.

Естеріңізге сала кетсек, өңірде пандемияның таралуы күшейгендіктен қарашаның 5-нен бастап «Көкшетау-Алматы» және «Көкшетау-Ақтау» бағытындағы ұшақтардың ұшуына тыйым салынған. Ал айдың соңында облыстың бас санитар дәрігері Айнагүл Мусинаның қаулысына сәйкес Көкшетау – Степногорск» бағытындағы автобустардың да жүруіне тоқтау қойылған. Ал жолаушылар пойызы бұрынғы бекітілген кесте бойынша «Көкшетау -Қызылорда» және «Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыздар қарашаның 12-нен бастап екі күнде бір рет жүре бастаған. Жолаушыларды отырғызы тек 1,2 және 3 класты вокзалдар орналасқан станцияларда ғана жүзеге асырылуда.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img