spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau

Жақсы ауданының ауылдары мобильді интернет желісіне қосылуда

Сондай-ақ...оқыңыз
Жақсы ауданының шалғай ауылдарында да мобильді интернет байланысы пайда болмақ. Жобаны «Kсell» компаниясы басқа мобильді операторлармен біігіп халық саны 250-ден асатын ауылды елдімекендерді кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етпек, деп хабарлайды «Aqmola News». 
Жоба шеңберінде Ишимское, Моховое және Калининское ауылдарында үздіксіз ұялы байланыс жабдықтары орнатылып, Қызылсай және Чапаевское ауылдарында жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Қазір Кировское ауылында 3G және 2G жылдамдықта орнатып жатырмыз, MiniLink тарелкасын қойып, кабельдерін тарттық. енді қуаттандыру қалды. Оған шамамен екі күн уақыт кетеді. Моховое және Калининское ауылдарында байланыс орнатылды. Онда байланыс аудан орталығы Жақсы селосынан тартылады, – дейді Intercom Engineering ЖШС құрылыс маманы Азамат Шотов.
Енді бұл ауылдың тұрғындары жылдам мобильді интернетті пайдаланып қана қоймай, электронды мемлекеттік қызметтерді алуға және қашықтан оқыту мүмкіндіктерін қолдануға мүмкіндік алған.
«Енді біздің ауылдың тұрғындары да интернет желілеріне қолжетімділіктің арқасында өркениеттің барлық мүмкіндіктерін қолдана алатын болды. Біздің ауыл одан әрі дами түседі деген сенімдеміз, – дейді Калининское ауылының тұрғыны Алина Тайкенова.
Осылайша жыл соңына дейін Жақсы ауданының барлық ауылдарында сапалы мобильді интернет байланысымен қамтылмақ.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img