spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
14.2 C
Kokshetau

Елордада газ баллонын қолданатын дәмханалар жоспардан тыс тексеріледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Нұр-Сұлтанда ведомствоаралық комиссия газ баллондары қолданылатын тамақтану орындарын жоспардан тыс тексеру бойынша жұмысын бастады. 21 қарашада кафеде болған газ баллоны жарылысы салдарынан 30-дан астам адам жарақат алды, екі адам қаза болды. Халықтың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіретін осы төтенше жағдайды ескере отырып,, Нұр-Сұлтан әкімдігі қоғамдық тамақтану орындарын жоспардан тыс тексеруді бастады.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Төтенше жағдайлар департаменті, Ішкі істер министрлігі, тұрғын үй инспекциясы, әкімдік, өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы және т.б. кіреді. Комиссияны әкім орынбасары Бақтияр Мәкен басқарады.

Бүгін комиссияның отырысы өтіп, жиында қолданыстағы баллондарды кем дегенде 5 жылда бір рет қарап, куәландыру керек екені еске салынды.

Коррозиялық газдармен толтыруға арналған баллондар (хлор, метилхлорид, фосген, күкіртті сутек, күкірт диоксиді, хлорсутек және басқалары), сондай-ақ автомобильдер мен басқа да көлік құралдары үшін отын ретінде қолданылатын сығылған және сұйытылған газға арналған баллондар кем дегенде 2 жылда бір рет тексерілуі тиіс.

«Газ және газбен жабдықтау туралы» заңға сәйкес, сұйылтылған мұнай газын екі қабаттан жоғары көпқабатты тұрғын үйлердегі тұрмыстық баллондарда сақтауға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады.

Газ тұтынатын жүйелер мен газ жабдықтарының иелері олардың тиісті техникалық жағдайы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда Халықаралық «СӘЛЕМ» комедиялық театр фестивалі өтеді

Көрікті Көкше төрінде былтыр бастау алған Халықаралық «СӘЛЕМ» комедиялық театр мерекесі биыл да жалғасын табады. Биылғы фестиваль Қазақстанның Халық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img