spot_img
Сенбі, Сәуір 27, 2024
7.3 C
Kokshetau

Ақмолада төрт мыңнан астам медқызметкерге 3 миллиард теңгеге жуық жәрдемақы төленді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында эпидахуалды тұрақтандыруға қажетті шаралар жасалуда. Өңірдегі пандемиямен күресу мәселелеріне бағытталған жұмыстарға қатысты қойылған журналистердің сұрағына Орталық коммуникациялар алаңында облыс әкімі Ермек Маржықпаев жауап берді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Ақмола облысында ПТР тест анализ қорытындысын жасайтын 6 зертхана жұмыс істейді. Олардың қуаттылығы тәулігіне  7 мыңнан астам тест қорытындысын жасауға жасауға қауқарлы. барлығы 1000-нан астам төсек жабдық орындары бар, олардың 900-і жұқпалы  ауруларға арналған.Бұдан бөлек бес мыңнан астам төсек резевте тұр,-деді Ермек Маржықпаев.

Өте қысқа мерзім ішінде Көкшетауда 200 орынға арналған жұқпалы ауруларлар ауруханасы салынып, пайдалануға берілді. Мұнда екі аптаның ішінде короновируспен ауырған әйелдер дені сау үш баланы өмірге әкелді. Туыт жағдайы ешқандай асқынуларсыз өтті.

Облыста медициналық мекемелердің техникалық базасын нығайту мақсатында көп жұмыстар атқарылды.

Жергілікті кәсіпорындар желдету аппараттарын шығаруды екі жарым есеге көбейтіп, 425 бірлік ӨЖЖ аппараттарын шығарды. Оттегі конценттраторларын шығару бес есеге көбейіп, 600 бірлікке дейін жеткізілді. Облысқа төрт бірдей рентген аппараттары сатып алынды. Олардың қолданыстағы жалпы саны 34,-деп атап өтті спикер.

Аудандарға 11 жылжымалы диогностикалық кешен тарту етілді. Бұл алыс ауылдарда тұратын тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Өңірдегі жедел жәрдем автопаркі 58 жаңа көлікпен толықты.

Пандемиямен күресуге барын салып жатқан медицина қызметкерлерін елеусіз қалдыруға болмайды. Өңірде төрт мыңнан астам медицина қызметкерлеріне 3 миллиард теңгеден астам жәрдемақы төленді. 527 қызметкерге біріңғай әлеуметтік төлем тағайындалып, 15 отбасына 10 миллионға жуық өтемақы төленді,-деп атап өтті аймақ басшысы.

Жалпы короновурус пандемиясымен күресуді қаржыландыру көлемі шамамен 16 миллиард теңгені құрады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img