spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
13.2 C
Kokshetau

Көкшетауда коронавирус құрбандары мен күресушілерге арналып ерекше жоба қолға алынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында Көкшетау қаласының тарихи музейі короновирус пандемиясымен күресушілер мен осы жолда құрбан болғандарға арнап, «Ерлік ұмытылмайды» атты жылжымалы көрме дайындады, -деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Көкшетауда ерекше жоба қолға алынды. Коронавирус пандемиясымен күресушілерге арналып жылжымалы көрме пайда болды.

Көрмедегі фотоқұжаттар короновирус пандемиясы кезіндегі дәрігерлердің және санитарлық-эпидемиялогиялық қызметтің, полицияның жұмысынан сыр шертеді.

Койылған көрмеден арнайы жасақтың адам өміріне төнген қауіппен күресудегі ерліктері мен атқарылған шаруалармен кеңірек танысуға болады.

Санитарлық және блок бекеттерде қызмет етіп жатқан медицина мамандары мен полиция қызметінің жұмысы да осы көрмеге топтастырылған.

Жылжымалы көрменің ерекшелігі, ол өңірдегі мемлекеттік мекемелердің көрнекі орындарына графикке сәйкес орналастырылады. Одан соң, көрме келесі мекемеге қойылады.

Көрме ағымдағы жылдың 11 қарашасынан бастау алып, Көкшетау қаласының көпсалалы ауруханасына, Көкшетау техникалық иниститутына, Қ. Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық фтизиопульмонология орталығына қойылды.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекеттік тілді дамытуға сіңірген еңбегі үшін ақмолалық жас мұғалім «Шапағат» медалін иеленді

«Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде мектебімізде Назерке деген оқуда озат, әрі белсенді, әрі көшбасшы оқушы болатын. Сол қызға қатты ұқсағым...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img