spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
13.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында карантин күшейіп, Көкшетау мен Степногор периметрі жабылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина өңірдің қызыл аймаққа өтуіне байланысты шыққан жаңа қаулыға сәйкес енгізілген өзгерістер туралы айтты,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бас санитардың сөзінше, 28 қараша 00-00 сағаттан бастап карантиндік шектеулер енгізіледі.

Ең бастыларына тоқтала кетсек, санитарлық блок бекеттерден Ақмола облысында тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғалар ПТР тесттің теріс нәтижесі анықтамасынсыз өткізілмейді.

Көкшетау қаласы (Красный Яр ауылы, Чайкино, Станционный кенттерінің), Степногорск қаласының аумағы бойынша жүріп–тұруды сағат 21:00-ден сағат 06:00-ге дейін шектеледі.

Көкшетау, Степногорск қалаларын қоспағанда, облыс тұрғындарының бір ауданнан/қаладан екінші ауданға/қалаға кедергісіз жүріп-тұруына рұқсат беріледі. Ондай тұлғалардың қолында  санитариялық бекеттерден өткен кезінде (жол парақтарын, жұмыс нарядтарын, жоспар–тапсырмаларды, тауар жүкқұжаттарын, іссапар құжаттарын, медициналық мекемелердің жолдамаларын, жеке куәліктерін көрсеткен кезде)  жолаушылар мен жүк тасымалдаушылары; вахта қызметкерлерін тасымалдайтын көлік құралдары; COVID-19 таралуының алдын алу жөніндегі іс-шараларына тартылған көлік пен адамдар, ұйымдар; тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындар қызметкерлері өткізіледі.

Бекітілген кесте бойынша санитариялық күн өткізе отырып, Көкшетау қаласындағы азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер жұмыс режимі сағат 07:00-ден 20:30-ға дейін, Ақмола облысының басқа елді мекендерінде сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін шектеледі.

Көкшетау, Степногорск қалалары бойынша такси қызметін көрсету сағат 21:00-ден 06.00-ге дейін шектеледі.

Келушілердің санын 30%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақталған, алаңы 500 ш.м-ден. артық азық-түлік емес дүкендердің (жеке тұрған) қызметі жұмыс күндері сағат 09.00-ден 20.30-ға дейін шектеледі.

Ақмола облысының қалған елді мекендерінде құрылыс материалдары мен қосалқы бөлшектерді (жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін және келушілердің санын 30%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақталған) сататын дүкендерді, оның ішіндегі азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларын қоспағанда, жексенбі және мереке күндері қызметі тоқтатылады.

Қоғамдық көліктер жұмыс күндері 07-00-ден 20-30-ге дейін, сенбі күндері 07-00-ден 10-00-ге дейін және 17-00-ден 20-30-ға дейін жүреді.

Ал, демалыс күндері мен мереке күндері қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтатылады.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов: «Бізге көзбояушылық қажет емес, нақты істер қажет!»

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img