spot_img
Сенбі, Мамыр 4, 2024
8.7 C
Kokshetau

«Халық сүйіктісі» сыйлығының финалистері анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚазАқпарат – «Халық сүйіктісі» сыйлығының 10-шы маусымының үміткерлері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, «Республика-Аймақ-Даму» қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтоқ таяуда «Халықтың сүйіктісі-2020» Ұлттық сыйлығына үміткерлерді ұсыну басталғанын хабарлаған болатын. Ал бүгін сыйлықтың финалистері айқындалды: №1 номинация.

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМІ» – Төлеубаев Данияр Ерғалиұлы, Жезқазған индустриялық-гуманитарлық колледжі басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары; – Төлеген Васильевич, Нұр-Сұлтан қаласының №17 мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі; – Григорьева Нина Михайловна, флейта оқытушысы, Қазақ ұлттық өнер университетінің үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының доценті; – Төлеміс Жұлдызай Серікқызы, Қостанай облысы, «Озат» мамандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының биология пәнінің мұғалімі.

№2 номинация. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ДӘРІГЕРІ» – Қадырова Әсия Мырзағалиқызы, «Жезқазған қаласының көпсалалы ауруханасы» КММ дерматовенерология бөлімінің бастығы; – Пя Юрий, қазақстандық дәрігер, кардиохирург; – Жаңатаров Ержан Бисембайұлы, стоматолог, «Сымбат» клиникасының жетекшісі; – Асанбаев Болат Сайдаұлы, Қызылорда облыстық инфекциялық аурулар ауруханасының жан сақтау бөлімінің меңгерушісі.

№3 номинация. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СПОРТШЫСЫ» – Рахмонов Шафкат, UFC-дегі қазақстандық файтер; – Юлия Галышева, фристайлшы, қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері; – Левит Василий, қазақстандық әуесқой боксшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері; – Жұмағұлов Жалқас (ЖӘКӨ), қазақстандық аралас стильдегі спортшы.

№5 номинация «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІСІ» – Дина Төлепберген, қазақстандық тележурналист, КТК арнасының жүргізушісі; – Нартай Аралбайұлы, «Мәселе» бағдарламасының бас редакторы, авторы, жүргізушісі, «Жүзден жүйрік» бағдарламасының жүргізушісі; – Дмитрий Олейников, «Хабар» телеарнасының жүргізушісі; – Шойымбек Бақыт, «Астана» телеарнасының жүргізушісі. №6 номинация.

«ЖЫЛ ҮЗДІК МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ» – Димаш Құдайберген, Қазақстанның өнер қайраткері, танымал қазақстандық әнші; – Нелдібаев Әсет Төлегенұлы, «Астана-Опера» Мемлекеттік опера және балет театры симфониялық оркестрінің фагот тобының концертмейстері; – Иманбек, қазақстандық ди-джей және музыкалық продюсер; – Адамбай Нұртас, қазақстандық актер, шоумен, режиссер, продюсер және сценарист.

№7 номинация. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПАРЛАМЕНТАРИЙІ» – Нығматулин Нұрлан, Мәжіліс спикері; – Ирина Смирнова, Мәжіліс депутаты, ҚКХП фракциясы; – Жүсіп Нұртөре, Сенат депутаты; – Павел Казанцев, Мәжіліс депутаты.

№8 номинация «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПУБЛИЦИСТІ» – Михаил Козачков, журналист, публицист; – Андрей Чеботарев, саясаттанушы, «Альтернатива» заманауи зерттеулер орталығының директоры; – Қуат Даурен, «Қазақ әдебиеті» республикалық газетінің бас редакторы; – Шибұтов Марат, саясаттанушы, публицист.

№9 номинация. «ЖЫЛДЫҢ БЛОГ САЛАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ» – Асқар Жанапов, Youtube, туристік блогер; – Қорғанбекова Насима, Facebook, құқық қорғаушы; – Майгелдинов Қазбек, Facebook, саясаттанушы; – Русинович Кристина, Instagram.

№10 номинация. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ БАСЫЛЫМЫ» – Zakon.kz; – Гиперборей – You Tube, Вадим Борейконың арнасы; – Nur.kz; – Azattyq Rýhy. Ұйымдастырушылар дауыс берудің ақтық кезеңі бүгін, яғни 23 қарашада www.lubimec.kz ресми сайтында басталып, 3 желтоқсанда аяқталатынын хабарлайды. Сонымен бірге әділ қазылардың бір ауыздан берген шешімімен «Алтын дәуір» Құрметті номинациясына музыкалық педагог, профессор, Қазақ КСР Халық әртісі Кесоглу Лаки Константинович ие болды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img