spot_img
Сенбі, Мамыр 4, 2024
15.2 C
Kokshetau

Дәулет Теміржанов еркін күрестен ел чемпионы атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық палуан Дәулет Теміржанов ересектер арасында еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Алматы қаласында ересектер арасында күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні боз кілемге шыққан палуандар еркін күрестен күш сынасты. Жарысқа Ақмола облысынан 9 палуан қатысты. « 57 салмақтағылар арасында Дәулет Теміржанов чемпион атанып, Ұлттық құрама сапына енді», – дейді ведомстводан.

Дәулет Теміржанов Бөгенбай батыр атындағы спорттағы дарынды балалардың облыстық мектеп-интернатының түлегі. Ол жоғары спорттық шеберлік мектебінде жаттығады. Жаттықтырушылары Евгений Судейкин, Ерік Жапаров және Фархат Шәйімов.

«Дәулет 57 салмақтағылар арасында жеңіске жетіп, өзінің мықты екенін дәлелдеді. Осындай олимпиадалық салмақта оның үздік атануы тектен тек емес. Бұл біздің спортшылардың деңгейі жоғары екенін көрсетеді», – дейді еркін күрестен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Әсет Серікбаев.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img