spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
1.7 C
Kokshetau

Көкшетауда «Абылай ханның қара жолы» атты онлайн конференция өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің және Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Абылай ханның қара жолы» республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференциясы өтті, деп хабарлайды «Aqmola News».

Аталмыш конференцияға 2018 және 2020 жылдары екі мәрте Абылай хан орда тіккен Көкшетау жерінен еліміздің оңтүстігіндегі барша түркі жұртының рухани ордасы Түркістан шаһарына жол тартқан «Абылай ханның қара жолы» экспедициясының құнарлы деректері негіз болды.

Биылғы жылы сол деректер негізінде Ақмола облысының әкімі Ермек Боранбайұлының қолдауымен «Абылай ханның қара жолы» атты мазмұны ауқымды ғылыми жинақ жарық көргенін де атап өткен жөн.

Тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев пен экспедиция басшысы, «Абылай ханның қара жолы» кітабының жинақтаушысы Мұрат қажы Ыдырысұлы республикалық онлайн конференцияға жетекшілік етті.

Онлайн конференцияда сөз бастаған Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова «Абылай ханның қара жолы» экспедициясының жетістіктеріне тоқталып, конференцияның жемісті өтуіне тілек білдірді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған конференцияға филология ғылымдарының докторы Серік Негимов, тарих ғылымдарының докторы Зарқын Тайшыбай, Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған, белгілі абылайтанушы Ғиззат Табылдин сияқты еліміздің ірі ғалымдары, тарихшылары мен этнографтары қатысып, баяндама жасады.

Ғаламтор арқылы жүзден астам адамның басын қосып, Абылай ханның тарихи тұлғасына қатысты сүбелі ғылыми тұжырымдар мен фактілерді кеңінен сөз еткен «Абылай ханның қара жолы» республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференциясы сәтті өтті деген ойдамыз.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img