spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
6.8 C
Kokshetau

Көкшетаулық тойхана иелеріне министрлік уәкілі жауап берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін көкшетаулық тойхана мен дәмхана иелері Атамекен кәсіпкерлер палатасында тағы да жиналды. Тойханалардың жұмыс істеуін сұраған бизнес өкілдерінің талаптарына Денсаулық сақтау министрлігінен уәкіл арнайы келіп жауап берді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Күн тәртібінде бұған дейін қаралып, талқыланған тақырып мейрамханалар мен дәмханалардың жұмысына рұқсат беру мәселесі болды.

Елімізде той саласы мен көңіл көтеру орындарының жұмысы пандемиядан зардап шеккендер санатына енгізіліп отыр. Себебі бұған дейін ешқандай қиындық болмаған кезде өз бизнесін дөңгелеткендер үшін, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған кез» болды. Бүгінде мейрамханалар тұрмақ кішігірім дәмханаларға 19.00-ден кейін жұмыс істеуге рұқсат жоқ. Себебі бұған әрине, жаһандық пандемия кінәлі.

Біздің жұмысымызға толық рұқсат берілсін демейміз. Біз бұған дейін мемлекеттің барлық талаптарын орындап, салық төлеп, заң шеңберінде жұмыс істеп келдік. Бүгінде шығындарымыз шаш етектен. Табыс табуды ойлап отырған жоқпыз. Бізге коммуналдық төлемдеріміз бен несиелерімізді жабатындай ғана мүмкіндік берілгенін қалаймыз. Әрине, қазір ешкімге де оңай соғып тұрған жоқ,-деді бизнес өкілдері.

Жиналғандардың арыз-шағымдарын тыңдаған ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі, Бақылау – қадағалау қызметін үйлестіру басқармасының басшысы Айтмағамбет Жолшоринов министрлікке арнайы сұраныс жасауды ұсынды.

Пандемиядан жапа шегіп жатқан жалғыз сіздер емессіздер. Алпауыт кәсіпорындар да зор шығындарға ұшырап жатыр. Елімізде коронавирустың екінші толқыны басталды деуге де болады. Той жасауға, көңіл көтеру орындарының жұмысына рұқсат берілсе, эпидемиологиялық ахуал бұдан да қиын болып кетеді. Өңірлердегі эпидахуалды қадағалай отырып, жауапты органдар сіздердің арыз-шағымдарыңызды қарастырады. Сондықтан өз жұмыстарыңызды жалғастырудың белгілі бір алгоритмдерін министрлкке жолдаңыздар,-деді арнайы уәкіл.

Еске сала кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте 602 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды, оның ішінде ақмолалық 33 адамнан вирус анықталды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img