spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
7.2 C
Kokshetau

Целиноград ауданында жаңа мектептер салынуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы Целиноград ауданы Қосшы ауылында 400 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталуға жақын.  Білім ошағын «Kazyna – SR» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салып жатыр,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Серіктестік директоры Сайра Матайбаева мектеп құрылысы үстіміздегі жылдың соңына дейін пайдалануға берілетіндігін айтады.

Алғашында кәсіпкер білім беру нысанын 200 оқушыға лайықтап салмақшы болыпты. Кейіннен ауылға  мектеп аса қажет екендігін ескеріп, 400 орындық мектеп салуға шешім қабылдаған.
Кәсіпкердің сөзінше, ғимарат төрт қабаттан тұрады. Оған қоса, үлкен спорт залы, асханасы болады. Ішкі әрлеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Кейбір кабинеттерге парталар орналастырылып үлгеріпті. Басқа да керекті жабдықтар бірте-бірте әкелінуде.

Бұдан бөлек аудан көлеміндегі мектептердің жүктемесін азайту мақсатында 1200 орындық білім ошағының құрылысы жүргізілуде. Мектеп үш қабаттан тұрады.

Құрылысқа жауапты мердігер компания «АсатҚұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Компания директорының орынбасары Данияр Сәрсенбаевтың айтуынша, бұл мектеп те келер жылы пайдалануға беріледі.

Айта кетейік, білім беру мекемесінің құрылысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында тұр. Биыл Президент Қосшыға арнайы жұмыс сапарымен барғанында осы мәселеге баса назар аударған болатын.

Сонымен қатар  Целиноград ауданына қарасты Шұбар ауылындағы №37 негізгі мектепте 145 оқушы үш ауысымда оқып жатыр. Мектеп 1962 жылы салынған. Бүгінде білім ошағының әбден тозығы жеткен.

Шұбар ауылы әкімдігіне хабарласқанымызда, ауданға өткен аптадағы облыс әкімінің сапары кезінде 300 орындық жаңа мектеп салу үшін жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу шаралары жүргізілетіндігі айтылғандығын хабарлады.

Үш ауысымда оқыту мәселесі Қоянды ауылында да өткір тұр. Биылдың өзінде мұндағы мектеп бірінші сыныпқа 460-қа жуық баланы қабылдапты. Осы проблеманы шешу үшін 1200 орындық жаңа мектеп ғимараты тұрғызылуда. Жоспар бойынша құрылыс осы жылдың мамыр айында аяқталуы тиіс.

Алайда, ауыл әкімі құрылыс биыл да бітуі мүмкін екендігін айтады.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img