spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
7.2 C
Kokshetau

Көкшетауда Мәжіліс депутаттығына кандидаттар партиялық тізім бойынша бекітілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында пікірсайыс пен кандидаттарға дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді,-деп хабарлайды «Aqmola News»

Партиялық тізімге үш қатысушы енді. Олар: аумақтық партия филиалының төрағасы, Сандықтау ауданының әкімі Асқарбек Үйсімбаев, «Орленок» ЖШС директоры Павел Безвербный және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елюбаев.

«Nur Otan»партиясы Ақмола облыстық филиалының кезектен тыс өткен аймақтық конференциясы кезіндегі пікірсайысқа барлығы 21 адам қатысты.

Сонымен бірге, партия мүшелері облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекітті. Ол  58 үміткерден тұрады.

Тізімде көптеген жаңа есімдер бар, бұл фракция құрамындағы елеулі өзгерістерді білдіреді. Сабақтастық сақтала отырып, бекітілген партиялық тізім бойынша қазіргі депутаттардың 31,2 пайызы қайта сайлауға барады.

Әйелдер саны 2,5 есеге, 35 жасқа дейінгі жастар өкілі  0-ден 20,7 пайызға дейін өсті. Партиялық тізімге өткен үміткерлердің орташа жасы – 43 жас, сондықтан оның құрамы 12 жасқа дейін жасарды.

Партиялық тізімнің 29,3 пайызы шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлердің үлесінде болса, 25,9 пайызын білім беру саласының өкілдері, 13,8 пайызын ауыл шаруашылығы және басқалары құрайды.

Осылайша, облыстық мәслихаттың құрамы шамамен 70 пайызға жаңаратын болады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img