spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 6, 2024
15.2 C
Kokshetau

Қазақстандықтар желтоқсанда және Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалады

Сондай-ақ...оқыңыз

Желтоқсан айында қазақстандықтар екі мерекені – ҚР Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күнін атап өтеді, деп хабарлайды «Aqmola News».

Осылайша, ел тұрғындары желтоқсан айында 11 күн демалады. Сонымен қатар, қаңтар айының алғашқы күндері де мерекелік демалысқа ұласпақ.

Сонымен, атап айтсақ, 1 желтоқсанда (сейсенбі) еліміз Тұңғыш Президент күнін атап өтеді.

16-17 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесіне орай демалыс күндері деп жарияланды. 20 желтоқсандағы жексенбілік демалыс 18 желтоқсанға (жұмаға) ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар төрт күн қатарынан демалады, ал жексенбі күні (20 желтоқсанда) жұмыс күні болып жарияланды.

31 желтоқсан, әдеттегідей, Қазақстанда ресми түрде жұмыс күні саналады. Жаңажылдық мереке күндері жұмадан, яғни 1 қаңтардан басталады. 2 қаңтардағы мерекелік күн сенбімен сәйкес келетіндіктен, 4 қаңтар да (дүйсенбі) демалыс болып жарияланды. Осылайша, қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесінде тағы төрт күн қатарынан демалады.

7 қаңтарда (бейсенбі) – православтық Рождество мерекесіне сәйкес келетіндіктен, 2021 жылдың алғашқы айы тағы бір демалыс күнімен толығады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img