spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
6.2 C
Kokshetau

Таңғажайып BOLASHAQ SARAIY: Зияткерлік және шығармашылық бағытта үйірмелер жұмыс істеуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласында BOLASHAQ SARAIY тұрғызылды. Аталған ғимарат Қазақстан мен Ресейдің ХVII аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындығы барысында жүзеге асырылған ауқымды жобалардың бірі. Нысан зияткерлік және шығармашылық бағытта білімін жетілдіру мақсатында ақмолалық оқушылар мен студенттерге беріледі, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Болашақ сарайы «А» және «В» блоктарынан тұрады.

Мұнда форум өткізу жоспарланған ауқымды салтанат залы, электронды кітапхана, 3D көрме залы, буфет жұмыс істейтін болады.

«А» блогы зияткерлік бағытта жұмыс істейді. Мұнда оқушылар мен студенттер IT технологияның көмегімен ғылыми жұмыстармен айналысып, техникалық шығармашылық және жалпы шығармашылық салалар бойынша білімін жетілдіре алады.

Сарайда зияткерлік сала бойынша шет елдің ең үздік құрылғылары орнатылған 7 зертхана жұмыс істейді. Үйірмеге қатысушылар техникалық шығармашылық бағытта әр түрлі іспен шұғылданып,инновациялық интерактивтік демалыс паркінде уақыт өткізе алады.

Атап айтқанда, ғылыми бағыттар бойынша: жаратылыстану, экология, биотехнология, электроника және жаңартылған энергия көздері, роботехника, мехатроника және STEAM оқыту, өндіріс интернет заттары, 3D модельдеу және прототиптеу зертханалары жұмыс істейді.

Сонымен қатар, қолөнер, көркем өнер шеберханалары, хореографиия үйірмелері бар.

Алдағы уақытта бұдан бөлек, оқушылар мен студенттердің қалауын толық қамту үшін тағы 3 бағыт бойынша үйірмелер ашылмақ.

Ал, «B» корпусы спорттық бағытқа арналған. Оның ішінде бассейн, жаттығу залдары, спорттық ойын алаңдары қарастырылған.

Егер «Болашақ сарайы» ресми ашылып, толық пайдалануға берілсе, мұнда бір мезгілде 1200 келушілерді қабылдайтын 80 -нен астам үйірмелер жұмыс істейді.

Қазіргі кезде бір топта 8-ден 15 балаға дейін болатын 5 бағыт бойынша 22 үйірмеге қабылдау жүргізілген. Алдын ала жазылған оқушылар мен студенттерге барлық сабақтар қашықтықтан өткізілуде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img