spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
17.3 C
Kokshetau

Көкшетауда жұқпалы аурулар ауруханасынан алғашқы емделуші жазылып шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда екі айда тұрғызылған жаңа жұқпалы аурулар орталығынан алғашқы емделуші коронавирус індетінен жазылып шықты, деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Модульдық аурухана 23 жастағы Айнара тоғыз күн ем қабылдаған. Ауру жеңіл түрде өткен.

        Емделуші тоғыз күндей жатым емделіп шықты. Қызды емдеу клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізілді, – дейді акушер-гинеколог Арман Рахатаев.

Дәрігерлердің емдеудегі әрекетіне Айнара да шынайы алғысын білдірді. Ол ауруханадағы жайлылық пен емдеуші мамандардың кәсіби біліктілігін атап өтті.

Барлық мекеме қызметкерлеріне еңбектері үшін зор алғысымды білдіремін. Олар өте сауатты әрі бәріне түсіністікпен қарайды. Жақсылам ем жасап, ингаляция жасады. Тамақтары да өте дәмді болды. Жалпы жаңа стационар өте жылы әрі жайлы екен. Қазір өзімді өте жақсы сезінемін, – дейді Айнара.

Қазіргі таңда жаңа ауруханада сегіз әйел ем қабылдауда. Коронавирусқа шалдыққан қалған науқастар облыстық туберкулез диспансеріндегі жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған.

Дәрігерлер емделушілердің әзірге жылдам емделетіні жайлы айтуға әлі ертерек екенін жеткізді.

Әзірге емделушілер тез жазылып кетеді деп айту қиын. Аурухана тек дүйсенбіден бастап қана жұмысын бастады. Дегенмен, жаңа заманауи жабдықтардың көмегімен жұмыс бұрынғыдан гөрі жеңілдене түсті, – дейді Арман Рахатаев.

Қазір сегіз әйел жұқпалы аурулар бөлімінде ем қабылдап жатыр екен.

«25 дәрігер күн-түн демей еңбек етуде. Егер эпидемиологиялық жағдай ушығып кетсе медициналық қызметкерлер саны 300-ге дейін ұлғайтылмақ, – дейді Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Нариман Сыздықов.

  Естеріңізге сала кетейік, Көкшетауда екі ай ішінде салынған жаңа жұқпалы аурулар орталығы 9 қарашадан бастап алғашқы емделушілерін қабылдаған. Модульды аурухананың жобалық құны 7 миллиард теңгеден астам сомаға бағаланған. Мұнда Covid-19 індетіне шалдыққан облыстың барлық тұрғындары емделмек. Медициналық мекеме соңғы үлгідегі сандық рентген, КТ аппарат және тағы басқаларымен жабдықталған. Ғимаратта қауіпті індетті жұқтыру қаупін мейлінше төмендететін ерекше желдету және ауаны тазарту жүйелері орнатылған. Сондай-ақ ақылды ауруханада қызметкерлер мен науқастардың басыартық қатынасын да болдырмауға мүмкіндік берген.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалықтар отан қорғаушыларына алғыс білдіруде

Отан қорғаушылар күні қарсаңында біздің жүрегіміз мақтаныш пен Еліміз үшін күрескендер үшін алғысқа толы! ҚХП Ақмола облыстық филиалы төрағасының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img