spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
1.7 C
Kokshetau

Көкшетауда мас ТҚС жұмысшысы тұтынушының көлігін айдап кеткен

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда техникалық қызмет көрсету станция жұмысшысы тұтынушының көлігін айдап кеткен, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың 5 қарашасында Көкшетау қалалық полиция басқармасының 102 арнайы жедел телефонына қоңырау шалған 40 жасар қала тұрғыны жүгінген. Әйелдің айтуынша, белгісіз адамдар түнгі уақытта оның техникалық қызмет көрсету станциясында тұрған  «Хюндай Элантра»  маркалы автокөлігін айдап кеткен.

Аталған факт бойынша тәртіп сақшылары қылмыстық кодекстің 200 бабының 1 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғаған.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері зардап шегушінің көлігіне қызмет көрсетілген техникалық қызмет көрсету станциясының жұмысшысы көлікті айдап кеткенін анықтады. Жедел топ бірден оны ұстау операциясын бастап кетті. Іздеуге алынған автокөліктің сипаттамалары барлық патрульдік полиция батальондарының экипаждарына жолданды. Аздаған уақттан соң автокөлікті айдап кеткен адам «Әскер-4» экипажы қызметкерлерімен Абай көшесінің бойында ұсталды, – дейді Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

36 жастағы ер адам ұстаған сәтте мас болғаны анықталды.

Ұрланған көлік иесіне қайтарылып, күдікті азаматқа «Келу туралы міндеттеме» процесуалды шара қолданылды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img