spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
5.2 C
Kokshetau

Ақмолалық өнерпаздар «Театр сіздің үйіңізде», «Ни дня без музыки»жобаларымен көрерменнен қол үзбей келеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Биыл мәдениет тарихында ақмолалық өнер ордаларында театр және концерт маусымдарының жабылу, ашылу салтанаты тұңғыш рет ютуб арнасы арқылы өтті. Тікелей қарым-қатынас пен көрерменмен байланыс орнатуға дағдыланған кәсіби топтар жаһандық пандемияға байланысты өз жұмыстарын әлеуметтік желілер арқылы зерттеп, құруға мәжбүр болды,-деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасына сілтеме жасап. 

Егер бұрын көрермендер билеттерді сатып алып, театрға келсе, қазір театр мен филармония олардың үйіне келеді. Осы мақсатта «Театр сіздің үйіңізде» онлайн-форматында жоба іске қосылды, ал Instagram, фейсбук беттерінде және сайттарда әртістердің сөйлеген сөздерінің бейнежазбалары белсенді орналастырылуда.

«Ни дня без музыки» жобасы шеңберінде музыкалық бағдарламалар көрсетілді.

Жергілікті өнерпаздар Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына, Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың мерейтойлық датасына арналған республикалық челлендждерге, онлайн конкурстар мен фестивальдерге қатысты. Үкілі Ыбырай атындағы филармония  «Ән-аманат» жобасын жүзеге асырды. Жобаның мақсаты халық әндерінің шығу тарихын көрсетіп, жергілікті өнерпаздардың шығармашық жолдарын жас ұрпаққа үлгі ету болды.

«Ән – аманат» жобасының авторы әрі жүргізушісі филармония әртісі Сәрсенбай Хасенов. Филармония ұжымы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Жаз әуендері» халықаралық челленджінде Мәдениет министрлігі тарапынан жоғары баға алған «Сен бе, Көкше, сұлулықтың арқауы» концертімен телевизиялық бағдарлама режимінде Ұлттық домбыра күнін мерекелеуге қатысты.

Басқарманың мәліметінше, 15 қазанда «Сәлем Елорда!», мәдениет және спорт салаларындағы облыстың жетістіктері туралы фильм дайындалып, жақында республикалық эфирге шығады.

Жалпы Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармония ұжымымен тек 9 айдың ішінде 128 концерт (19 – оффлайн, 109 – онлайн) өткізілді, оларды 46 мыңнан астам көрермен тамашалады.

Ақмола облысының екі театры ағымдағы жылдың 9 айында 279 спектакль қойды, оның ішінде 5 премьера, 47 751 көрерменге қызмет көрсетілді.

Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры репертуарын 2 жаңа қойылыммен толықтырды: «Мәссаған! Сенсация!!!», авторы Зульфат Хаким және «№13 » комедиясының авторы Рея Куни. Карантиннің енгізілуіне байланысты театр онлайн режимде 122 қойылым қойды, олар YouTube арнасы мен театрдың әлеуметтік желілері арқылы 32 258 онлайн көрермен тамашалады.

Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында театрда Е.Баранчиковтың пьесасы бойынша «Шыңғыс хан» спектаклінің премьерасына дайындық жүріп жатыр.

Жыл басында Ақмола облыстық орыс драма театры «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «шекараны кеңейту» инновациялық жобасы аясында алғаш рет Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен «Панночка» спектаклімен «Кипрдегі бес кеш» V Халықаралық театр фестиваліне қатысты.

Жергілікті өнер ордалары Ақмола облысының имиджін көтеретін көптеген театрлық креативті жобалардың бастамашысы болып табылады.

2020 жылғы пандемияға қарамастан, орыс драма театры мүмкіндігі шектеулі дарынды балаларды қатыстыра отырып, «Дар слышать сердцем» инновациялық жобасын жүзеге асырды.

Аталмыш театр өзінің репертуарын Абай Құнанбаевтың мерейтойына арналған «Коней своих не прерывая бег» жаңа қойылымымен, сондай-ақ И.Тургеневтің әңгімесі бойынша «Му-Му» жаңа инновациялық жобасымен толықтырды.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img