spot_img
Сейсенбі, Мамыр 7, 2024
11.5 C
Kokshetau

Жыл соңына дейін Көкшетауда жаңа үлгідегі 17 аялдама орнатылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласында заманауи үлгідегі аялдамалар орнатылуда. Қазір Абылайхан даңғылы бойында осындай үш аялдама бар, деп хабарлайды «Aqmola News» қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, аялдаманы орнатуды қала әкімдігінің тапсырысы бойынша мердігер «Дизайн сити» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алып отыр.

Жыл соңына дейін қала көшелерінің бойында жаңа 17 аялдама орнату жоспарланған.

«Жаңа аялдамаларды орнатудың да өз реті, тәртібі бар. Аралық өлшемдерін мөлшерлегенде ең алдымен, жолаушылардың ағымы ескеріледі. Жаңа аялдамалар жолаушылар үшін ыңғайлы. Аялдамаға қазақтың оюымен безендірілген және атауы жазылатын тақтайша орнатылып, қоғамдық көлік бағыттарының жүру сызбалары көрсетіледі. Сауда сөресі, қоқыс контейнері мен орындықтың болуы да қарастырылған», – дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img