spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
6.1 C
Kokshetau

Үкімет басшысы Асқар Мәмин Ақмола облысының үш өңірін аралады

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысында кезекті жұмыс сапарымен болған еліміздің Премьер-Министрі Асқар Мәмин мен бірқатар министрлік өкілдері облыстың үш өңірінде болып, бірқатар стратегиялық маңызы бар нысандарды аралады, деп хабарлайды «Aqmola News».
Үкімет басшысының сапары Степногорск қаласынан басталды. Мұнда Асқар Мәмин қаладағы  «Қазақстанның жылыжай технологиялары», «ЕПК Степногорск», «Степногор тау-кенхимиялық комбинаты»,«Казахалтын Technology», ТОО «Аксу Technology», ТОО «Астана-Нан Chemicals» сияқты іргелі алты кәсіпорынның бүгінгі жағдайымен танысты.
Степногорск қаласы бүгінде өңірдегі аса ірі индустриялық орталыққа айналғанын атап өткен жөн. Облыстың өнеркәсіп өндірісінің басым бөлігі осы қалада шығарылып келеді. Мұнда облыстағы әрі тұтас еліміздегі бірегей өндіріс орны теміржол және сфералық мойынтіректер өндіріліп келеді. Сондай-ақ, облыстағы өсімдік қорғаныс құралдарының 100 пайызы, алтын құрамдас концентраттардың 98 пайызы, өңделмеген алтынның 11 пайызы мен уран қосылыстарының 10 пайызы шығарылады.
▫️Көкшетау қаласында Үкімет басшысы жаңадан салынған «Болашақ сарайы» ғимаратын аралаудан бастады. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев алдағы Қазақстан мен Ресейдің ХVII өңіраралық ынтымақтастық форумына әзірлік туралы баяндап, Ақмола облысының инновациялық әлеуетін көрсетті. Сонымен қатар Асқар Мәмин Көкшетау қаласындағы 9 қабатты екі тұрғын үйлердің құрылысы мен қопа жағалауындағы тың өзгерістермен танысты. 
▫️Үкімет басшысының Щучинск қаласында биыл пайдалануға берілген «IQanat High School of Burabay» мектебіне ат басын бұрды.
Жұмыс сапарының соңында Премьер-Министр Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселелер бойынша жиын өткізді.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img