spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau

«Dombyra» ұлттық телеарнасы ақмолалық өнерпаздарды жобаға қатысуға шақырады

Сондай-ақ...оқыңыз

«Dombyra» ұлттық телеарнасының шығармашылық тобы «Ұлы Дала сазы» жобасы аясында ел ішіндегі талантты өнерпаздарды насихаттау мақсатында Ақмола өңірінде түсірілім жұмыстарын бастады.  Экспедиция жұмысы он бір күнге жоспарланған,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Телеарнаның директоры Қанат Ержігіттің айтуынша, «Ұлы дала сазы» жобасының мақсаты ел ішіндегі  әнші-күйші, жыршы-термешілерді насихаттау.

Ұлттық мәдениетті сақтау мен қайта жаңғырту мақсатында қолға алынған жобаға Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қолдау көрсетуде.

Облыстың Мәдениет басқармасының және Көкшетау қаласының Мәдениет бөлімінің азаматтары өте жылы күтіп алды. Біз қолға алып отырған жобаның негізін қалаушы – Алаш қайраткері – Сәкен Сейфуллин. Өз заманында арнайы қаражат бөлгізіп, Мәскеуден этнограф Александр Затаевичті арнайы шақырып, бүкіл қазақ даласын аралатып, Ұлы Даланың әуенін жаздырған. Қазақтың ән-күйін нотаға түсірген. Мұның өзі Алаш ардақтысының көрегенділігі деп білеміз. Түсірілім тобы бүкіл республиканың түкпір-түкпірін аралап, талантты орындаушыларды іздестіреді,-дейді Қанат Ержігіт.

Бүгінде өңірден жобаға қатысуға ниет білдірушілердің қатары көбейген. Көкше өңірінде Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай әндерін насихаттаушылар аз емес.

Жоба жетекшілері де Ақмола өңіріне ерекше көңіл бөліп отырғандырын айтады.11 күн бойы Ақмоланың екі қаласы мен тоғыз ауданында түсірілім тобы жұмыс істейді.

Егер сіз дәстүрлі өнердің дәріптеушісі болсаңыз, жобаға қатысуға асық болыңыз, Өнерпаз!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img