spot_img
Бейсенбі, Мамыр 16, 2024
4.6 C
Kokshetau

«Тыныс»АҚ ӨЖЖ аппаратының отандық өндірісі бойынша мемлекеттік тапсырысты толық орындады

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі берген тапсырыстың соңғы партиясы – 1500 өкпені жасанды желдету аппараты еліміздің медициналық мекемелеріне жіберілді, деп хабарлайды «Aqmola News» тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

«102 аппарат Қостанай және Ақмола облысының ауруханаларына қойылады. Өзге өңірлердің өтінімдері толықтай орындалды. ӨЖЖ аппараттары қойылып, мамандар оқытылып, қондырғылар сервистік қызмет көрсетуге берілді. Өкпені жасанды желдететін «BIYOVENT» стационарлық аппараттары отандық «Қазақстан ASELSAN инжиниринг» ЖШС қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінде жасалды», – деп жазылған хабарламада.

Биыл тамыз айында ҚР ИИДМ ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп «Тыныс» АҚ-да шығарылған жедел жәрдем стансаларына арналған шағын ӨЖЖ аппараттарымен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік тапсырысты орындады.

Осылайша, ӨЖЖ аппаратының отандық өндірісін жолға қою жөніндегі Мемлекет басшысы мен ҚР Үкіметінің тапсырмасы орындалып, болжанып отырған пандемияның екінші толқыны қарсаңында еліміздің медициналық мекемелері ӨЖЖ аппараттарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілді.

Қазақстан орнықты өндірісті жолға қойды. Нәтижесінде ӨЖЖ станционарлық және мобильді аппараттарына деген өз еліміздегі қажеттілікті толық өтеп қана қоймай, көрші елдерге жеткізуге мүмкіндік туып отыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Сақ стилі» жаңа сериясына жататын номиналы 5000 теңгелік банкнота туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылы 25 желтоқсанда жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img