spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
6.1 C
Kokshetau

Валерий Гамазов: Қашықтықтан оқыту сапасын жақсартуға күш жұмсалуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысындағы жалпы білім беретін 555 мектеп секундына 4-тен 8 Мбит және одан жоғары жылдамдықты кең жолақты интернет желісіне қосылған,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі.

Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысының орынбасары Валерий Гамазов мәлім етті.

Бүгінгі таңда 16 мыңнан астам компьютер техникасы бар. Биыл 2460 компьютер сатып алынды. Мемлекеттің қолдауының арқасында өңірге 23 мың компьютер сатып алу мүмкіндігі ұсынылды. Бұл оқушылардың компьютер техникасына деген сұранысын екі есеге азайтады.

Үш тілде қырық мың сабақ пен бір миллионнан астам мультимедиялық материал бар «Bilimland» білім беру платформасын қолдану мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді.

«Бүгінгі күні интернет-ресурстарда оқушылардың білім беру үрдістеріне қатысуына және мұғаліммен кері байланыс жасауына, онлай сабақтарға қатысуға, сабақтарды жазып, сақтауға мүмкіндік береді. Білім беру платформаларына облыстың 15 ауданы мен қалаларындағы барлық мектеп қосылды. Көкшетау және Степногор қалаларында «Online Mektep» модулі Bilimland платформасы қолданылады. Ерейментау және Шортанды аудандары оқу үрдісінде «DDaryn.online платформасын қолданады», – деді  Валерий Гамазов.

Облыстағы барлық 1321 білім беру ұйымы Ұлттық білім беру базасының мәліметтері ресурстарын қолдану арқылы жұмыс істейді.

«Цифрландыру мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде де жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні кез келген ата – ана баласын электронды жүйе арқылы есепке қоя алады. Осы жүйе арқылы 14 мыңнан астам бала мектепке дейінгі білім беру мекемесіне кезекке қойылды», – деп толықтырды Валерий Гамазов.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img