spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 15, 2024
10.2 C
Kokshetau

2025 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 550 мың теңгеге дейін өседі

Сондай-ақ...оқыңыз

2023-2025 жылға дейін дәрігерлердің жалақысы кезең-кезеңімен көбейеді. Бұл туралы ҚР ДСМ Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев айтып берді.

«Мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасы бойынша 2023-2025 жылға дейін дәрігерлердің жыл сайын жалақысын көтеру жоспарланып отыр. 2017 жылы дәрігерлердің айлығы 98 мың теңге болса, бүгінгі күні орташа жалақы 253 мыңға дейін жетеді. Ал 2025 жылы дәрігердердің орташа айлығы 550 мыңға дейін жетеді деп жоспарлап отырмыз», – деді Қ. Төсекбаев Орталық коммуникациялар орталығында өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, 2018-2020 жылдары орташа медициналық қызметкерлердің де еңбекақысы өсіп келеді.

Мәселен, 2018 жылы олардың орташа айлығы 90 843 теңге болса, қазір – 161 281 теңге. Яғни, еңбекақы 56%-ға артқан. Айта кетейік, Қазақстанда 4122 штаттық орынға дәрігерлер қажет.

Әсіресе, анестезиолог-реаниматолог, терапевт, жалпы практикалық дәрігер, зертханашы дәрігер, акушер-гинеколог, инфекциялық дәрігерлер жетіспей жатыр.

Орташа медициналық қызметкерлер арасында 8583 бос штаттық орын бар. Бір жылда елімізде 31 мың маманы жұмыстан шығып, 1200 маман шетелге кеткен.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бұландылық оқушы ядролық реактордың моделін әзірледі

Бұланды ауданының үш оқушысы Бішкек қаласында өткен «Біз – ХХІ ғасыр интеллектуалдарымыз» халықаралық байқауында ел намысын қорғап, жақсы нәтижемен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img