spot_img
Сенбі, Қаңтар 18, 2025
-10.8 C
Kokshetau

Көкшетауда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Көкшетауда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, қала тұрғындары нарық бағасынан едәуір төмен бағада саудаланған өнімдерді сатып алды, – деп хабарлайды «Aqmola News». 

Жарқайың, Біржан сал, Зеренді, Есіл, Сандықтау және Көкшетау қаласының ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің өнімдері саудасы таңертеңнен бастап қыза түсті. Жәрмеңкеде ет және шұжық өнімдері, сүт, ұн, картоп, балық, және басқа да көкөніс түрлері саудаланды. Нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен бағада қойылған өнімдерге қала тұрғындары да ризашылықтарын білдірді.

Қалада мұндай жәрмеңкелердің жиі ұйымдастырылғаны жөн бе деген ойдамын. Өйткені, бұл бір жағынан қала тұрғындарының арзан бағада экологиялық таза өнімдерді тұтынуына жағдай жасаса, екіншіден ауылдағы қарапайым шаруалар мен фермерлердің өз өнімдерін еш делдалсыз қала тұрғындарына сатуына мүмкіндік береді, – дейді қала тұрғыны Жанмұрат Жанайдаров.

Жәрмеңкедегі азық-түлік өнімдерінің бағасына облыс әкімі Ермек Маржықпаев та назар аударып, тұрғындарды емен-жарқын әңгімеге тартты.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында өткізіліп отыр. Сондықтан, тауар өндірушілерден белгіленген межеден асырмай сатылуын талап еттік. Қала тұрғындары  мен қонақтары арзан бағадағы өнімдерді тұтынуға мүмкіндік алды. Дегенмен, әкелінген өнімнің аздығы байқалды. Ет және көкөніс өнімдерінің азғантай ғана сағат ішінде таусылып қалғаны байқалды. Бұл алдағы уақытта ескеріп, тисті шара қолдануды қажет етеді, – деді Ермек Маржықпаев.

Жәрмеңке барысында өңірдің 90-нан астам ауыл шаруашылық тауар өндірушілері 55,6 миллион теңге соманың 83 тоннаға жуық өнімін саудалады. Алдағы жәрмеңке келер сенбіде өткізілмек.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Тілдерді оқыту орталығы: Қазақстан Республикасының тіл саясатын табысты іске асыруға қадам

Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі жанындағы Тілдерді оқыту орталығы Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img