spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
8.4 C
Kokshetau

Атбасар ауданының Бастау ауылында жастарға арналған демалыс орталығы бой көтереді

Сондай-ақ...оқыңыз
Атбасар ауданының Бастау ауылдық округында жастардың демалыс орталығы салынуда. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасымен сорғы станциясын ағымдағы жөндеу аяқталып келеді, – деп хабарлайды «Aqmola News» Атбасар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысандарды Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов аралап көрді.
Бастау ауылдық округындағы ауыл жастарының демалыс орталығының құрылысы жобасына «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен республикалық және жергілікті бюджеттен 418,4 миллион теңге қаражат бөлінген. Нысан 2021 жылы аяқталуы тиіс. Бұл ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстанып, демалысын пайдалы өткізуіне мүмкіндік бермек, – дейді Аманбек Қалжанов.
Аудан әкімі мердігер ұйымдар мен тиісті қызмет басшыларына өндіріс жұмыстары кестесін мүлтіксіз сақтап, сондай-ақ құрылыс жұмыстарын уақытында орындау үшін қосымша еңбек ресурстарын жұмылдыруға тапсырма берді. Сонымен қатар сорғы станциясындағы барлық жұмыстарды осы жылы қазанның 20-на дейін аяқтау қажеттігін атап өтті.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Достық пен татулықтың ордасы

Қаламыздағы «Достық және шығармашылық үйі» 2005 жылы ашылып, қалада құрылып жатқан этно-мәдени бірлестіктер мен ұлттық орталықтардың келісімі мен татулығының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img