spot_img
Сейсенбі, Мамыр 21, 2024
8.4 C
Kokshetau

«Арип Агро»серіктестігі шикізат өңдейтін жаңа зауыт салып жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Покровка ауылында сұлы өңдейтін зауыт салынуда. Ауқымды жобаны аяқтау 2021 жылға жоспарланған,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Зауыт салуға қаражатты «Арип Агро» серіктестігі бөлген. Қажетті құрылғыларды «Bühler» швед компаниясы жеткізбек. Бүгінде фабриканың бетон қабырғалы алты қабаты тұрғызылған.

Келесі жылы зауыт іске қосылса, сұлы ботқасын шығаруды бастаймыз деп ойлаймын,-дейді «Арип Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорының орынбасары Ілияс Қарымсақов.

«Арип Агро» ЖШС өңірдегі ең ірі шаруашылықтардың бірі. Соңғы бес жылда шаруашылықта астықты кептіру және сақтау қоймалары салынып, кәсіпорын жұмысы жандана түсті.

Негізгі шикізат көзі егістік даласынан жеткізіледі.

Біз бидай, арпа, жасымық, зығыр, тағы басқа да дәнді дақылдар өсіреміз. Егістіктен әкелінген өнімді тазалау, кептіру жұмыстарын жүргіземіз. Тұқым шаруашылығымен айналысқандықтан, тұқымды өсіруге және сатуға құқығымыз бар,-дейді Қарымсақов.

Кәсіпорында негізінен Покровка ауылының тұрғындары жұмыс істейді. Комбайн, трактор сияқты техникаларға отырмас бұрын, кез-келген жүргізуші арнайы оқу курсынан өткізіледі.

Дегенмен жаңа технологияның арқасында мұнда жұмысты адам емес техника атқарады. Комбайн, тракторлардың барлығы автоматтандырылған. Жақында John Deere компаниясынан шынжыр табанды трактор сатып алынған. Ол өзі жүріп, өзі бұрылғандықтан оған адамның көп күші жұмсалмайды.

Компания басшылығы өз жұмысшыларына қолдау білдіруді де ұмытпайды. Сонымен қатар компания 90 миллион теңге бөліп мектепті жөндеп, фельдшер-акушерлік пунктін ағымдағы жөндеуге 20 миллион теңге қаражат бөлген.

Кәсіпорын басшылығы халықтың басым көпшілігіне нан өнімдерінің, астық қалдықтарының жеңілдетілген бағысын ұсынып көмек көрсетіп тұрады. Ауылдағы әлеуметтік нысандарды жөндеуге де қаражат бөледі. Қыстың күні жолды тазалап, қар шығару жұмыстарына да қолқабыс етеді,-дейді Покровка ауылының әкімі Бақытжан Байбеков.

Келесі жылы компания тарапынан көпқабатты үй салу жоспарлануда. Қазір ол үшін жер белгіленіп, жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

 

 

 

 

 

.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» халықтық би ансамблі

 «Көкшетау» халықтық би ансамблінің «Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» атты мерейтойлық концерттік бағдарламасы жоғары деңгейде өтіп, көрерменінің тағы бір мәрте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img