spot_img
Дүйсенбі, Маусым 29, 2026
19.6 C
Kokshetau

7 қазан күніне ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

7 қазан, яғни сейсенбі күні еліміз аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болатындықтан, қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашын болу мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның оңтүстігінде түнде жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман, екпінді жел, көктайғақ, шығыс пен орталықта жаяу бұрқасын болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, 15-20 м/с дейін жел күшеюі мүмкін.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, 15-25 м/с дейін жел күшеюі мүмкін.

Ақмола, Павлодар облыстарында желдің күші 15-23 м/с артады.

Жамбыл, Ақтөбе, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде түнде 1-5 градус үсік жүруі ықтимал.

Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан өңір атанды

Ақмола облысы еліміздің ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің рейтингінде бірінші орынға шығып, ірі мегаполистер мен басқа да облыстарды...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика