spot_img
Сенбі, Мамыр 30, 2026
20.7 C
Kokshetau

5 қазан күніне ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

5 қазан күні еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел болжанады, деп хабарлайды «Aqmola News» Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертен тұман күтіледі.

Ақмола облысында көктайғақ болады. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді. Жамбыл облысында тұман болады. Күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.

Күндіз Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болжанады. Сондай-ақ Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл облысының кей жерлерінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Тегтер: 
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау полицейлері қала тұрғындарына қоқыс тастау мен қоғамдық орындарда ішімдік ішу үшін жауапкершілік барын ескертті

Көкшетау қаласындағы Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары күн сайын қоғамдық тәртіпті бұзу деректерін тіркеп отыр. Әсіресе рұқсат етілмеген орындарға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика